Еңбекті қорғау күнінде жарақат алған теміржолшыға көмек көрсетілді

Әлеумет
29.04.2023, 13:11
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күні қарсаңында Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының кәсіподақ ұйымының төрағасы Дарханбек Мақсатов пен өндірістік оқыту шебері Жанболат Бекетовтер параолимпиада жүлдегері, ұжым есебінде тұратын Кенжебек Рахметәлиевтің отбасында болып, хал-жағдайымен танысты.

Кенжебек 2013 жылы өндірістік жұмыс кезінде тосын жағдайға ұшырап, екі қолынан жарақат алған.

Жарақат алған кезде дистанцияның Төретам телімінде электромонтер болып жұмыс істеген. Ол электр желілерінің тоқ күшінің жоғалу ақауын жөндеп жатқанда жарақат алған. Содан бері мекеменің зейнеткерлері есебінде. Теміржолшы Қуатбай Рахметәлиевтер отбасында дүниеге келген ол әке жолын жалғастырушы. Зейнетке шыққаннан бастап әріптестерінің қолдауымен және бапкері Өміржанның ықпалымен спортқа ден қойған. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында өткізілген спорт бәсекесінде топ жарып жүрген паратаеквондо шебері.

Әріптестерінің халін сұрай барған кәсіподақ өкілдері азық түлік себеті мен қаржылай көмек берді.

Өзін іздеп келген әріптестеріне разы болған, қайсар да жігерлі Кенжебек алғысын білдірді.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда