«Саламатты Қазақстан» пойызы Абай елін аралап жүр

Әлеумет
06.06.2023, 11:19
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алматыдан шығып Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап жүрген «Саламатты Қазақстан» пойызы 23 мамырдан бері ШҚО және Абай облыстарының халқына қызмет көрсетуде.

Білікті медициналық мамандар топтастырылған рельстегі емхана 1 маусым күні Алтай ауданы Быково елді мекенінде орналасқан бекетке тоқтап, таңертеңнен кешке дейін жергілікті халықты қабылдады. Пойыздың бас дәрігері Айнұр Егінбаеваның айтуынша, ақ халаттылар биылғы 6 желтоқсанға дейін 121 станцияға барады.

– Демалыссыз жұмыс істейміз. Сенбі-жексенбі күндері де тұрғындарды тоқтаусыз қабылдай береміз. Пойыз әр станцияда 1-2 күн тұрады. Егер үлкен бекет болса – екі, шағын болса, бір күн аялдаймыз. Пойызда невропатолог, окулист, стоматолог, уролог, хирург, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевт, педиатр, офтальмолог, лор, маммолог сынды мамандар бар. Ұзын саны 12 дәрігер. Бұдан бөлек, осы жылдан бастап қатарымызға заңгер мен медиатор қосылды. Халық олардың да кеңесін тегін ала алады. Дәрігерлердің 80 пайызы Астана қаласынан, қалғандары Алматыдан іріктелген. Олар сегіз ай бойы осы пойызда үзіліссіз еңбек етеді, – дейді бас дәрігер.  

Пойызда 8 вагон бар. Оның төртеуінде медициналық жабдықтар болса, біреуінде сол жабдықтарды тоқпен қамтамасыз ететін дизель тұр. Екі вагон жататын орын, тағы бір вагонда ресторан. Пойыз заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен, УДЗ-бен, флюорографиялық аппаратпен, шағын ота зертханасымен, интернетке сымсыз қосылуға мүмкіндік беретін байланыс құралымен жабдықталған.  

– Медициналық қызметке жүгінетін халық көп, ең көбі бір күнде 600-ге жуық адам келсе, ең азы 100 адам шамасында болды. Ең жас пациентіміз бір айлық сәби болса, ең егдесі 91 жаста болды, әрбір адамға көмектесуге тырысамыз. Жан-жақты тексеріп, ем тағайындап береміз, – дейді дәрігер.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті