Балаларға базарлық

Әлеумет
08.06.2023, 15:58
Суретті түсірген автор
Сабира Байзахова

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласында 6 маусым күні «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Шымкент филиалы мен Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелер, ПЧ-54 Арыс жол дистанциясы, ШЧ-38 Арыс белгі беру және байланыс дистанциясы, Арыс станциясы, ВЧД-32 Арыс вагон пайдалану депосы кәсіподақ ұйымдарының күш салуымен  балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті.

Теміржолшылар қаласында өткен мерекелік шараға 1500-ге жуық балақай қатысып, барлық балаға балмұздақ пен тәттілер таратылды. Арыс-1 вокзалы маңындағы  «Батырлар аллеясында» балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ойын алаңшасына батуттар тігілді.  

Халық өте тығыз қоныстанған өңірде балалар мерекесін атап өтудің кешірек өтіп жатуының да өзіндік себептері жоқ емес. Біріншіден бала көп, бәрін қаму керек, сонымен қатар ойын алаңшалары мен кинотеатрлар, балаларға арналған көңіл көтеру, сауық-сайран ұйымдастырушы  топтарға сұраныс көп болып кезек күтуге тура келді. Дегенмен, ештен кеш жақсы, кәсіподақ аймақтағы әр мекеменің балаларын балмұздақсыз қалдырмауға тырысты. 

Балаларға күлкі сыйлаған іс-шараны ашқан аймақ кәсіподақ басшысы Нағима Салықбаеваның лебізін жалғастырған Арыс жол дистанциясы кәсіподақ төрағасы Есенгелді Жұмабеков, Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының кәсіподақ төрағасы Жасұлан Жанқараев, Арыс станциясы кәсіподақ төрағасы Телғозы Шорахан, Арыс вагон пайдалану депосы кәсіподақ төрағасы Пайызхан Есалиевтер құттықтап, балаларға сыйлық себеттерін таратты.  

Жаңалықтар
03.03.2026
ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған
Спорт
02.03.2026
Бейнеуде теміржолшылар арасында спорттық жарыс өтті
Қауіпсіздік
02.03.2026
Шиеліде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
02.03.2026
Су тасқынына дайындық күшейтілді
Әлемде
02.03.2026
Литвада Stadler компаниясының түйіспелі-аккумуляторлы пойызы сынақтан өтуде
Жаңалықтар
27.02.2026
«КСО» АҚ-да референдум талқыланды
Жолаушылар тасымалы
27.02.2026
Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?
Цифрландыру
27.02.2026
Теміржолдағы технологиялық серпіліс
Жаңалықтар
27.02.2026
Апаттың алдын алғандар
Спорт
27.02.2026
Шаңғы жолындағы жарыс