Шар станциясында 600-ден аса адам тегін медициналық көмек алды

Әлеумет
09.06.2023, 11:22
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Тіршілік ырғағы бір сарынды Жарма өңірінің теміржолшылары үшін аптаның екі күні дүбірге толы болды. Аймақтағы Шар станциясына Өскемен өңірін шарлап келе жатқан «Саламатты Қазақстан» пойызы тоқтады.

Ақжолтай пойыз Түрксіб теміржолының түп негізі саналатын Шар станциясына дүйсенбі күні таң алагеуімде келіп тоқтады. Пойызды Шар тұрғындары бабалар дәстүрімен шашу шашып, қошеметпен қарсы алды.  

Ал таңертеңгі сағат сегізден бастап келушілердің алғашқы легін пойыз дәрігерлері қабылдап қарай бастады. Бұл күні тек Шар тұрғындары ғана емес, оған іргелес орналасқан Суықбұлақ, Жаңғызтөбе, Қалбатау, Жарма, Қапанбұлақ сынды өзге де жол айрықтарының теміржолшылары келіп жеткен еді.  

Әсіресе шалғайдағы станция тұрғындарының қолы жете бермейтін көз дәрігері, маммолог, невропатолог сынды мамандарға кезекке тұрғандар саны мол болды.  

Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен өңір болғандықтан да осы өңірге екі күнге аялдауды жоспарлаған дәрігерлердің жұмысы қарқынды болды. Жалпы саны 600-ден аса адам тегін медициналық көмек алды. Сонымен қатар жергілікті 130 азамат заңгерлер мен медиаторлардың жәрдеміне сүйенді. Сонымен қатар кент тұрғындарына нағыз мереке ұйымдастыруды мақсат тұтқандар бастамасымен елеулі шараға орай ҚР Президентінің телерадиокомпаниясы демеушілігімен арнайы концерт ұсынылды.  

– Медициналық пойыздың келуі жергілікті халық үшін нағыз мерекеге айналды. Тамара Асар мен Маржан Арапбаева Шар кентінің орталық алаңында арнайы концерт қойды. Бұрындары эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалау үшін үлкен қалаларға сапар шегуге тура келетін, ал бүгін олардың өздері іздеп келгеніне риза болған жергілікті тұрғындардың аталмыш пойызды ұйымдастырушыларға айтар алғысы зор болды, – дейді Шар станциясының бастығы Бейімбет Бейбітұлы.  

Семей ЖТ бөлімшесі басшылығы да Шар станциясына барып, мерекелік шараларға куә болысты. «Саламатты Қазақстан» пойызы қазіргі таңда Абай облысының елді мекендерін аралап жүр. Бүгінгі күндері ол бөлімшеге қарасты Белағаш, Дегелең станцияларында қабылдау жасауда. Тек осыдан кейін ғана көршілес Павлодар облысына жол тартпақ.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда