ҚТЖ қызметкерлерінің балаларына арналған жазғы демалыс ұйымдастырылды

Әлеумет
16.06.2023, 10:30
Оқуға 1 мин

Балалардың сауықтыру орталықтарына теміржолшылардың балаларын  тіркеу басталды. Үстіміздегі  жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының Қазақстандағы 10 облысында жұмыс істейтін қызметкерлерінің 6 мыңнан астам баласының жазғы демалыстарын  өткізуі жоспарлануда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Осы жылдың 15 маусымында «Машат» балаларды сауықтыру орталығына (Түркістан облысы) балалардың алғашқы келіп түсуі болды. Дәстүр бойынша 7 мен 13 жас аралығындағы теміржолшылардың балалары жазғы демалысын Қазақстанның ең көркем жерлерінде өткізеді. Балаларды тасымалдауды «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүзеге асырады.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру Ұжымдық шарт бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлеріне берілетін кепілдіктердің бірі болып табылады. Компания шығындардың үлкен бөлігін өз мойнына алады, ата-аналар жолдама құнының 10% ғана төлейді.

Жолдамаларды үлестіру кезінде аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан өндіріс қызметкерлерінің балаларына басымдық беріледі.

Олар балалар сауықтыру орталықтарына Компания  қызметкерлері мен кәсіподақ өкілдерінің сүйемелдеуімен барады. Айрықша назар қауіпсіздік мәселелеріне, үйлесімді  тамақтануларына және бос уақыттарын қызықты өткізуге  аударылып, балалардың толық және жайлы демалуы үшін барлық жағдай жасалған. Демалыс ұзақтығы – 10 күн.

 

Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды