Ардагер – 100 жаста

Әлеумет
26.06.2023, 13:38
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Бар саналы ғұмырын Жамбыл теміржол ауруханасында өткізген Жамбыл бөлімшесінің ардагері Анна Землянская 100 жасқа толды. Мерейтой иесін Жамбыл бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бауыржан Найманбаев бастаған әріптестері құттықтап барып, қуанышына ортақтасты.  

Анна Землянская Ташкент медициналық институтын бітірген соң Жамбыл теміржол ауруханасына жолдамамен келген екен. Содан табан аудармастан ауруханада 52 жыл еңбек еткен.

– Ол жылдар керемет кезең еді ғой. Теміржол мекемелері бір атаның баласындай өте  ұйымшыл еді. Тек теміржолшыларға қызмет көрсеткен соң өзімізді де теміржолшыдай сезінуші едік, жартылай әскери тәртіпке үйренген саланың өз қызығы мен шыжығы жетерлік еді, – деп еске алады өткен жылдарын ардагер.    

Әріптесін құттықтай келген 84 жастағы Галина Правда мерейтой иесімен сонау 1977 жылдан бері жұмыс істегендерін айта келіп, Анна Кузьминичнаның  дәрігер ретінде кәсіби біліктілігінің жоғары болғанын және адами болмысының биіктігіне тоқталды.  

«Сіз біз үшін аңыз адам болып қаласыз. Жігеріңіз, кәсібіңізге деген махаббатыңыз біздерді өмірге ынталандыратын», – деп мерейтой иесіне гүл шоғын  ұсынды.  

Ал 1968 жылдан бері біздің кейіпкеріміз еңбек еткен бөлімнің меңгерушісі болған Бауыржан Найманбаев теміржолшылар атынан ардагерді құттықтап, тарту-таралғыларын жасады.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды