Балалар экотурға қатысты

Әлеумет
03.07.2023, 14:46
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жазғы каникул семейлік теміржолшылардың балақайлары үшін мейлінше қызықты өтуде. Бір ғана маусым айында олардың бір тобы оңтүстікте балалар лагерінде болып қайтса, енді бірі Астана шаһарында экотур ұйымдастырып, уақытты мейлінше тиімді өткізіп қайтты.

Аталмыш шараларға жергілікті салалық кәсіподақ ұйымы ұйытқы болған еді. Елордаға тек көпбалалы теміржолшылардың перзенттері ғана жол тартты. Небары үш күннің ішінде балалар бас қаланың ең көрікті жерлерін аралап, танымдық-тағылымдық мәні зор саяхат жасады. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болып, ЭКСПО 2017 көрмесі өткен нысанды аралап шықты. Мұнымен қатар, еліміздегі бірегей саналатын океанариумда болып, тіпті бассейнге түсуге де уақыт тапты.

Әйтсе де, бүлдіршіндер үшін теплоходқа мініп, Есіл өзенінің бойымен жүзу қатты ұнапты. Сонымен қатар олар Астана төрінде арнайы кинофильм де тамашалады.

Балалар қала орталығындағы төрт жұлдызды «Қазжол» қонақүйінде демалып, үш күн қатарынан мейман болды. Олардың барлығы дерлік Астана шаһарына алғаш рет барған болатын. Сондықтан да осынау ұмытылмас әрі әсерлі сапар өмір бойы естерінде қалатыны анық.  

Осынау орайда перзенттері үшін осындай тамаша әрі тартымды демалыс сәттерін  сыйлағаны үшін Семей ЖТ басшылығы мен кәсіподақ ұйымына Семей және Өскемен өңірінің теміржолшы ата-аналары зор алғыс айтады.

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады