Балалардың жазғы демалысы қызықты өтуде

Әлеумет
18.07.2023, 10:17
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Түркістан облысындағы «Машат» сауықтыру лагерінде дем алып жатқан қызылордалық теміржолшылардың балалары әр күндерін қызықты өткізіп жатыр.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарайтын сала мекемелерінен келген 90 баланың дені көпбалалы отбасынан шыққан. Сонымен қатар пәнаралық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына да лагерьге жолдама алу мүмкіндігі жоғары. Балалардың отбасы, әлеуметтік санаты, оқу үлгерімі, тәртібі секілді критерийлер кәсіподақ ұйымы мен кадр бөлімі мамандары тарапынан жолдама бөлгенде міндетті түрде ескеріледі екен.  

– Қай жерде, қай мезгілде болмасын балалардың қауіпсіздігі алғашқы орында. Бүлдіршіндерді пойызбен «Машат» сауықтыру лагеріне аман-есен жеткіздік. Жол бойы балалардың денсаулығы, дұрыс демалып, тамақтануы медбикелер бақылауында болды. Бүгінде олардың демалысы өте көңілді өтіп жатыр, қайтуға асығар емес, көпшілігі қызықты каникул күндерінің ұзара түскенін қалайды, – деді дистанцияның кәсіподақ ұйымының төрағасы Дастан Әбішев.  

Айтуынша, алдағы күндері келесі топ еліміздегі басқа балалар лагеріне аттанатын болады.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда