«Туған елге саяхат» туристік пойызымен 600 бала 15 мың шақырым жол жүрді

Әлеумет
31.07.2023, 11:22
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

 «Самұрық-Қазына» АҚ 15 жылдығына орай ұйымдастырылған «Туған елге саяхат» жобасы осы жексенбіде өз мәресіне жетті. 600 бала қатысқан саяхат пойызы үш кезеңнің қорытындысында 15000 км жуық жолды жүріп Байқоңыр, Бурабай, Түркістан, Алматы, Алакөл, Астана және Ақтау секілді өңірлерді қамтыды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүгін Қор өкілдері жобаның үшінші кезеңіндегі 200 баламен жүздесті. Өз кезегінде, бұл күні әсерлі сапардан оралған жас саяхатшылар туған елінің барлық сұлу қырына, оның тарихына бойлап, қанығуға, достар табуға және жаңа білім алуға берілген мүмкіндік үшін шын жүректен алғыстарын жеткізді.  

Саяхатқа Астана және Ақмола (78), Алматы (71), Шымкент (81) және Маңғыстау (50), Солтүстік Қазақстан (10), Қостанай (32), Павлодар (34), Қарағанды (18), Ұлытау (12), Абай (10), Шығыс Қазақстан (21), Жетісу (13), Жамбыл (23), Қызылорда (57), Атырау (43), Батыс Қазақстан (10), Ақтөбе (37) қалары мен облыстарынан «Өз өңірімді өркендеткім келеді» шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндірістік кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары қатысты.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан жобаның бас серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева өзінің құттықтау сөзінде қайырымдылық операторының қызметінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның ішінде балаларды қолдауға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

«Біз жолда да, барлық аялдаған қалаларымызда да өте жақсы уақыт өткіздік - бәрі керемет! Пойызда күнде үйірмелерде жаңа нәрсе біліп, тәлімгерлермен ойын ойнадық, ағылшын тілін меңгердік, домбыра тарттық. Ал өңірлерде бізді қызықты саяхаттар мен ойын-сауық күтіп тұрды! Бұл менің өмірімдегі ең жақсы каникул болды!», - деп бөлісті ойымен Шымкент қаласынан Оразхан Мұратбек.  

Туристік пойыздың әр үш кезеңінде 18 маман (педагог, психолог, аниматор, медбике) жұмысқа тартылды.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қайырымдылықтың бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен және Әлеуметтік жобалар қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті