Медициналық пойыз – Маңғыстау облысында

Әлеумет
17.08.2023, 12:28
Оқуға 1 мин

Бүгін таңертең «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Болашақ станциясына келді. Осылайша білікті мамандар 17-30 тамыз аралығында Маңғыстау облысының елдімекендерінде халыққа медициналық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыз диагностикалық құралдармен, соның ішінде компьютерлік спирометриялық жүйемен, эхоэнцефалографпен, диагностикалық тесттер жүргізуге арналған кардиологиялық мониторинг жүйесімен, сондай-ақ рентген, стоматологиялық, ЛОР және офтальмологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Мамандарға жүгінген кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды міндетті түрде бірге алып жүру қажет.  

Медициналық пойыздың Маңғыстау облысы бекеттерінде аялдау кестесі:

  • 17-18 тамыз – Болашақ станциясы;
  • 19-20 тамыз – Жетібай станциясы;
  • 21-22 тамыз – Сайөтес станциясы;
  • 22-24 тамыз – Үстірт станциясы;
  • 25-26 тамыз – Сам станциясы;
  • 26-28 тамыз – Ақжігіт станциясы;
  • 29-30 тамыз – Опорная станциясы.

Жұмыс уақыты: 09:00 – 18:00 сағ. (үзіліс 13:00-14: 00 сағ.).

Жобаның бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Осы жылы алғаш рет ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен пойыз жұмысына кәсіби психолог, медиатор және заңгер тартылды. Басты ақпараттық серіктес - Jibek Joly телеарнасы.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті