Самұрық сыйлаған сөмке (Фото)

Әлеумет
29.08.2023, 09:52
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалған шақта шығыстағы теміржолшылар қауымы «Мектепке жол» акциясын қолға алды. Биылғы іс-шара жылдағы дәстүрден өзгерек болып отыр.  

Себебі, осы жылғы қайырымдылық жұмыстарының бас демеушісі «Самұрық Қазына» АҚ өзінің 15 жылдығына орай күллі Абай облысында тұратын көпбалалы әрі аз қамтылған отбасылардың бірінші сыныпқа баратын балаларын мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтып отыр.

Ал осы жауапты істі аз уақытта атқарып шығу семейлік теміржолшыларға жүктеліпті. Атап айтсақ, есімдері ұлттық компания бойынша «100 жас есімге» енген белсенділер бөлімшенің Жастар ұйымының төрайымы Арайлым Қосанова мен бөлімшенің өндірістік қауіпсіздік және экология бөлімінің жетекші инженері Бекзат Кәрімханов Абай облысына арнайы жіберілген керек-жарақтарды қабылдап алып, өңірлердегі мұқтаж отбасыларға таратып жатыр.  

Сыйлықтың ішінде «Самрұқ Қазынаға» 15 жыл толуына орай арнайы эмблемасы бар рюкзак, түрлі түсті қағаздар мен қарындаштар, акварель, ермексаз бен оқушы дәптерлері және арнайы пенал, т.б. бар.

Бір ғана Абай облысы бойынша білім ордасы табалдырығын алғаш аттайтын 1603 балақайға тарту жасау көзделініпті. Бұл ретте семейлік еріктілер өткен апта бойы Семей қаласы мен шаһар маңайындағы іргелес елді мекендерді аралап, мектеп жабдықтарын үлестіріп шықты. Сыйлық алған отбасылар әр түрлі салада еңбек етеді екен.

– Күні кеше жаз айларында орман өртімен күрескен, негізінен орманшылар қауымы тұратын, шекара түбіндегі шағын ғана Талица ауылына ат басын тіредік. Бірінші сыныпқа небары он бала ғана барады екен. Бір қызығы, осы ауылдың барлық тұрғындары дерлік көпбалалы болып шықты. Әрқайсысында  жетіден, бестен мектеп жасындағы балалар бар. Елеусіз жатқан шалғайдағы елді мекен халқының қуанышында шек болмады, – дейді бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінің өндірістік қауіпсіздік бөлімінің жетекші инженері Бекзат Нұрланұлы.  

Қазіргі таңда Семей ЖТ бөлімшесінің бас кеңсесіне жеткізілген оқу құралдарын тарату ісі аяқталуға таяу. Семей өңірі бойынша шамамен екі жүздей ғана балақай қалыпты. Оларға керек-жарақтары осы аптаның ішінде толықтай табыс етілмек.  

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды