Кәсіподақ оқушыларға тарту жасады

Әлеумет
31.08.2023, 12:07
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде жылдағы дәстүрге сай «Мектепке жол» акциясы кең көлемде жүргізілуде. Салалық кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен көпбалалы теміржолшылардың бірінші сыныпқа баратын балаларына  қажетті оқу құралдары табыс етілуде.

Жуырда осындай бір шара бөлімшеде салтанатты түрде болып өтті. Оған мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балақайлар өздерінің теміржолшы болып еңбек ететін әке-аналарымен, ардагер ата-апаларымен бірге жиналды.

Жиынның беташар рәсімін бөлімшенің жаңадан тағайындалған кәсіподақ ұйымының басшысы Есен Қажығұлов алғысөзбен ашып, бүлдіршіндерге, олардың ата-аналарына жылы лебіз білдіріп, келе жатқан білім күнімен құттықтады.

Жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Данагүл Өтеленова балақайларға мектепке баруға қажетті сөмкелерді тарту етті. Оған бірінші сыныпқа арналған дәптер, қаламсап сынды өзге де оқушы бұйымдары салыныпты. Бөлімше бойынша жалпы саны 183 балақай осындай сыйлыққа ие болды. Айта кетерлігі, барлық мекемелер арасында ең көпбалалы теміржолшылар Семей станциясында еңбек етеді екен.

Басқосу соңында барша ата-аналар қауымы аталмыш іс-шараны ұйымдастырушы кәсіподақ ұйымы мен оның белсенділеріне алғыстарын білдірді.

 

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады