«Саламатты Қазақстан» пойызы Атырау облысында

Әлеумет
06.09.2023, 10:29

«Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлері Атырау тұрғындарына медициналық көмек беріп жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Саламатты Қазақстан» пойызы алдымен Құрманғазы ауданының Ақкөл стансасына келді. Пойыз дәрігерлері жұртшылыққа тегін көмек көрсетті.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның комиссияның мүшесі Ермек Медеубаевтың айтуынша, «Саламатты Қазақстан» пойызы – шалғай елдімекнедердегі тұрғындарға көмек көрсететін арнайы жоба. Пойыздың құрамында 8 вагон бар. Арнайы жобаның басты ақпараттық серіктесі – ҚР ПРезидентінің телерадио кешені.

«Бұл жобаның мақсаты – тұрғындарға құқықтық, психологиялық кеңес беру, медициналық көмек көрсету. Тұрғындар мемлекеттік әлеуметтік қолдау алу, зейнетке шығу, әлеуметтік төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек алу жөнінде мамандардың кеңесіне жүгіне алады. Шалғай ауылдар мен елді мекендердің тұрғындары сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Медициналық көмек көрсететін мамандардың қатарында терапевт, кардиолог, лор, невропатолог, офтальмолог, гинеколог, хирург, уролог, стоматолог секілді дәрігерлер бар. Медициналық пойызда биохимиялық талдаулар, флюрография, ішкі ағзалар мен тамырлардың УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмма және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік қарастырылған», - деп хабарлады Ермек Медеубаев.

Оның айтуына қарағанда, «Саламатты Қазақстан» пойызы 26 сәуірде Алматы-2 теміржол станциясынан жолға шыққан. Ал, 17 маусымға дейін Алматы, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарындағы 47 стансаға тоқтап, тұрғындарға құқықтық, психологиялық және медициналық көмек көрсеткен. Бұл пойыздың сапары 6 желтоқсанға жалпы ұзындығы 18 мың шақырымды қамтиды.

5 қыркүйекте «Саламатты Қазақстан» пойызы Исатай ауданындағы Исатай станциясына келді. Мұнда екі күн, 7 қыркүйекке дейін аялдайды.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті