«Саламатты Қазақстан»: Бір күнде екі жүз адам қаралды

Әлеумет
22.09.2023, 09:57
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақтөбе өңіріне келді. Жылжымалы құрам өңірдің шалғай ауылдарын аралап жүр.

«Саламатты Қазақстан» пойызының Ақтөбе облысындағы сапары Мәртөк станциясынан басталды. Дәрігерлер мұнда ауыл тұрғындарын екі күн бойы қабылдайды. Ол үшін станцияда барлық жағдай жасалған. Алғашқы қабылдау күні мерекелік шара ретінде ашылып, онда аудан әкімі сөз сөйледі.  

«Бұл – ауыл халқына көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау, үлкен көмек. Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Аталмыш ведомстволарға алыстағы ел атынан алғыс айтамыз», – деді Мәртөк ауданының әкімі Алмас Салықбаев.  

Пойыздың құрамы мамандандырылған вагондармен жабдықталған. Ол ультрадыбыстық кабинет, зертхана, стоматологиялық жабдықтар және тағы басқаларымен қамтылған. Екі жатын вагон, бір мейрамхана және техникалық вагон бар.

Медициналық пойыздың мамандарына ауыл тұрғындары отбасыларымен келіп қаралып жатыр.  

– Мамандар тегін медициналық көмек көрсетуде. Хирург, уролог, гинеколог, окулист, стоматолог мамандарға келушілер көп. Сонымен қатар жалпы талдама жасауға да жағдай жасалған, – деді «Саламатты Қазақстан» пойызының бас дәрігері Айнұр Егінбаева.  

«Жәрдем» пойызы Мәртөк станциясында бір күнде 200-ден аса ауыл тұрғынын қабылдаған. Бір сәтте 20-дан аса медициналық қызметкер шалғай станциялардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультативті-диагностикалық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта «Жәрдем» медициналық пойызы әрі қарай Кемпірсай, Жем, Мұғалжар, Бершүгір, Қотыртас, Қарашоқат станцияларына барады. Медициналық пойыздардың қозғалыс кестесі туралы нақты ақпарат әлеуметтік желі, радио, телевидение арқылы беріліп жатыр.  

 

Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды