Қарттар күніне орай ардегерлерге азық-түлік себеті таратылды

Әлеумет
03.10.2023, 10:06
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

1 қазан – Қарттар күніне орай Қазақстан теміржолының ерікті жастары сала ардагерлерінің үйіне барып, азық-түлік себеттерін таратты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Замир Серіковтің айтуынша, олар бұл күнді жылдағыдай атаусыз қалдырмауға шешім қабылдап, Теміржол ардагерлерінің кеңесінен зейнет жасындағы бұрынғы теміржолшылардың тізімін сұратқан. Яғни, солардың ішінде әлеуметтік жағдайы жағынан қиындық көріп отырған қарттарды анықтаған. Ардагерлер кеңесі берген 55 қарияның үйіне барып, ең негізгі деген азық-түлік өнімдерінен тұратын себеттер апарған.  

ҚТЖ-ның елу ерікті жас теміржолшысы «Ардагерлер қасымызда жүр» акциясына белсенді қатысты. Бір айта кетерлігі, мұндай акциялар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің көптеген филиалдарында өтті. Атап айтқанда, елордадағы Астана локомотив пайдалану депосы ұжымы сала ардагерлерін мекемеге шақырып, мерекемен құттықтады. Депода бүгінде 410 зейнеткер мен зейнет жасына жеткенге дейін ҚТЖ-дан салалық жәрдемақы алатын 64 адам бар. Сол сияқты Тараздық теміржолшылар да өңірдегі көрнекті орындарды аралатып, зейнеткерлерге экскурсия ұйымдастырды. Кейбір филиалдарда шахматтан, дойбыдан турнир өткізіліп, қарт теміржолшыларға арналып дастархан жайылды, концерт ұйымдастырылды. Қазіргі таңда жалпы «ҚТЖЖүк тасымалы» ЖШС есебінде 20 мың зейнеткер мен 2 мыңнан астам салалық жәрдемақы алушы тіркеуде тұр.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті