«Саламатты Қазақстан» пойызы Шалқар станциясына келді

Әлеумет
12.10.2023, 11:38
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Медициналық пойыз тоғыз жолдың торабы Шалқар станциясында келді.    Ірі станцияда бірнеше күн аялдап, төңіректегі елдімекендерге қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.  

Осыған дейін «Жәрдем» пойызы Ақтөбенің бес бірдей станциясында болды. Аймақта 17 қыркүйектен бастап жүр. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының қызметіне Шалқар ауданының Бершүгір ауылының халқы дән риза.   Бұл жерде арнайы мамандар ауыл тұрғындарына екі күн бойы дәрігерлік көмек берді. Мамандар медициналық, медиациялық, құқықтық кеңес, түрлі көмек ала алмай жүрген адамдардың мұң-мұқтажын тыңдап, ем-дом жасады, тегін консультациялық кеңес берді. Биыл ауыл халқы терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр секілді білікті мамандардың қабылдауында болып, қажет кезде шағын ота да жасата алады. Тіс емдеу, жұлу да тегін. Пойыз ішіндегі аппараттың бәрі заманауи талапқа сай. Онда УЗД, флюрография аппараты, зертхана бар. Сонымен бірге интернетке қосулы.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы – әлеуметтік жоба. Іске асыруда «Samruk-Kazyna» АҚ-ның «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демогрфиялық саясат ұлттық комиссиясы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Әлеуметтік жобалар қоры» қорымен бірлесе көп жұмыс атқарылды. «Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасының негізгі ақпараттық серіктесі – ҚР Президенті Телерадиокешені.  

ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демогрфиялық саясат ұлттық комиссиясының қолдауымен биыл алғаш рет әлеуметтік қолдау, зейнетақы тағайындау, әлеуметтік төлем, атаулы әлеуметтік көмек жөнінде кеңес алуға мүмкіндік жасалды. Сонымен бірге шалғай ауыл тұрғындары медиация және заңгерлік кеңес ала алады.  

Айта кетейік, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бұған дейін «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының бағытын бекітіп, пойыз 26 сәуір күні Алматы-2 теміржол вокзалынан шыққан еді. Жұмысын 6 желтоқсанға дейін жалғастырады. Бұл жолы да медициналық пункті жоқ, шалғай ауылдарға басымдық берілді.

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға