ҚТЖ филиалдарында «Полиэтиленді пакетсіз күн» акциясы өтті

Әлеумет
27.11.2023, 15:51
Фото: pexels.com
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – Магистральдық желі дирекциясының құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарында қараша айында «Полиэтиленді пакетсіз күн» акциясы өтті. Оның мақсаты бір реттік пластикті шамадан тыс тұтыну мәселесіне назар аудару, полиэтиленнің қоршаған ортаға және адамдарға зиянды әсерін ескерту болды.    

«Полиэтиленді пакет қысқа мерзімге ғана пайдаланылып,  қоқысқа тасталуы керек.  Ал оны жақсаң, улы диоксин және басқа да зиянды заттар бөлінеді. Адам жыл сайын төрт жүзге жуық полиэтилен пакеттерін пайдаланады екен. Бұл қала маңындағы қоқыс орындарының 35 пайызы осы қалдықтармен толтырылады деген сөз.  Ал біздің акциямыз, бұл күні полиэтилен пакеттерін матадан тігілген сөмкеге немесе жіптен тоқылған қапшыққа ауыстырып, халыққа пайдалы әдетке дағдылануды үйрету», – дейді дирекцияның экологиялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Айгүл Иримбетова.

Оның айтуынша, өңірлік және желілік деңгейде кездесулер өткізіліп, онда полиэтиленнің қоршаған ортаға теріс әсері туралы презентация көрсетіліп, оны пайдалануды тоқтатып, қағаз пакеттерді немесе эко пакеттерді тұтыну  насихатталыпты. Сонымен қатар «Полиэтиленсіз күн» экологиялық акциясы аясында акцияның тақырыбы мен мақсаты көрсетілген аншлагтар ілініп, ақпараттық тақырыптық кездесулер өткізілген және магистральдық жолдар полиэтилен бөтелкелері мен полиэтилен пакеттерінен тазартылыпты.  

Бұл күні теміржол магистралінің еңбеккерлері акцияға белсенді қатысып, қызықты іс-шаралар өткізген. Мәселен, Қостанай НЖС қызметкерлері тарапынан Қостанай вокзалында жолаушыларға сауалнама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша қоршаған ортаға зиян келтіретін полиэтилен пакеттердің, қаптамалардың, бөтелкелердің қауіптілігі туралы хабардар ету қажеттілігі, сонда ғана адамдар бұл мәселенің маңыздылығы туралы ойлана бастайтыны анықталған. Ал Илецк темір жол учаскесі филиалы бойынша сурет байқауы ұйымдастырылып, оған филиал қызметкерлерінің балалары қатысқан. Балалар топырақты уландыратын, табиғатты ластайтын, ұсақ жануарлар мен құстарды жойып жіберетін полиэтиленнің зияны туралы мағлұматтарды қылқаламға арқау еткен. Осы еңбектері үшін кәсіподақ ұйымы тарапынан тәтті сыйлықтармен марапатталыпты. Сондай-ақ ата-аналар мен балалар қағаз немесе матадан тігілген пакеттер алып, дүкендерде сауда жасапты. Ал Алматы НЖС қызметкерлері өндірістік учаскелерде пластикалық бөтелкелер мен полиэтиленді пакеттерді жинап тазарту жұмыстарын жүргізсе, Жамбыл НЖС-ке қарасты Түлкібас жол дистанциясының экологы Гүлсина Анарбаеваның анасы қызының акция күніне арнап арнайы матадан сөмке тігіп берген.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл