Мәжіліс депутаты семейлік теміржолшылармен кездесті

Әлеумет
12.01.2024, 10:22
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда «Respublica» партиясының тең төрағасы, Парламент мәжілісінің депутаты Руслан Берденов Семей теміржолында болып, келелі кездесу өткізді.

Жиынды ашқан бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов сөз кезегін мәртебелі мейманға ұсынды. Халық қалаулысы теміржолшылармен ашық диалог құруға дайын екенін білдіріп, елдегі саяси ахуал, теміржол сынды кәсіпорындар қызметінің проблемалық мәселелері мен жұмысшыларды толғандыратын әлеуметтік тақырыптарды көтерді. Ол көпшілік тарапынан қолдау тауып, кеңінен талқылауға ұласты. Сонымен қатар салалық қызметтегі маман тапшылығы және жеңілдікпен тұрғын үй сатып алу мақсатындағы мемлекеттік бағдарламаларға қолжетімділіктің жоқтығы сынды бірқатар өзекті мәселелер айтылды. Теміржолшылар қауымының әлеуметтік статусы, ел үкіметі тарапынан көмек пен қолдау көрсету сияқты өткір тақырыптар да көтерілді. 

Сондай-ақ жекеменшіктің қолына өткен, бүгінде пайдаланылмайтын, қараусыз қалған кірмежолдардың жағдайы да тілге тиек болды. Мұнымен қатар бөлімше басшыларының бірқатар ұсыныстарына пікір білдірген Руслан Арысбекұлы Парламент қабырғасындағы тиісті заңнамалық жобалар туралы да айтып өтті. 

Тікелей байланыс форматында өткен кездесуде теміржолшылар тарапынан Парламенттегі партия фракциясының алдағы уақыттағы жұмыстарына негіз болатын көптеген ұсыныстар да айтылды.

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады