Венгрия жолаушылар тасымалындағы тариф саясатын өзгертіп жатыр

Әлеумет
18.01.2024, 14:23
фото: MÁV

Венгрия мемлекеттік темір жолдары (MÁV) 2024 жылдың 1 наурызынан бастап теміржол жолаушылар тасымалының жаңа тарифтік жоспарына көшетінін жариялады. Осы күннен бастап 14 жастан кіші және 65 жастан асқан жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болса, 14 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар жарты бағамен жүре алады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер жол жүру ақысына 50 пайыздық жеңілдікке ие болады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңа ережелер Венгрия мен ЕО елдерінің азаматтарына ғана емес, барлық жолаушыларға қатысты болады.

Қазіргі уақытта бұған дейінгі 15 картаның орнына Vármegye24 және Magyarország24 («Vármegye24» және «Венгрия24») екі жаңа саяхат картасы енгізілуде. Бұл билеттер сізге белгілі бір аймақ немесе бүкіл Венгрия бойынша 999 форинтке (шамамен 2,87 АҚШ доллары) және 4,999 форинтке (14,3 АҚШ доллары) 24 сағат бойы жүруге мүмкіндік береді.

Жеңілдігі бар билеттер жүйесі де айтарлықтай қысқартылады - қазіргі 65 билеттің орнына шамамен 20 шақты болады. Банктік аударым арқылы билеттерді сатып алуды ынталандыру үшін MÁV 2024 жылдың жазында 200 форинт көлемінде әкімшілік алым енгізеді. Қазіргі уақытта барлық билеттер сатылымының 27% дейін MÁV мобильді қосымшасы арқылы сатылады.

Жаңа тарифтер енгізілгеннен кейін мүгедектер мен ауыр дертке шалдыққандар қалааралық және жергілікті көлікті тегін пайдалана алады.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті