Қызылордалық теміржолшылар жолда тұрып қалған жолаушыларды тамақтандырды

Әлеумет
11.02.2024, 12:26

 

 

Ауа райының қолайсыздығынан автожол бойында тұрып қалған жүргіншілерге теміржолшылар көмекке келіп, оларды ас-ауқатпен қамтамасыз етті.

Сексеуіл станциясының вагон тізімдеушісі,  "ҚТЖ 100 жас есім" жобасының қатысушысы, "ҚТЖ корпоративтік волонтер" аталымының иегері Қазбек Садуақасов, ТЧЭ-36 мекемесінің директоры Асылбек Иаров, оның орынбасары "ҚТЖ 100 жас есім" иегері,  волонтер, Amanat партиясының депутаты  Еркебұлан Аяғанов, Сексеуілдегі ШЧ-40 мекемесінің қызметкері Нажмадин Мусаев, сондай-ақ вокзал басшысы Оңғар Төлегенов бастаған азаматтар жолда қалғандарға қол ұшын беріп, көмекке келді.  Сексеуіл жолшылары машинамен қазан-ошақ жабдықтарын тасуға көмектесті. Олар барлығы 600-дей адамды тамақтандырды. Соның барысында 2 қой сойылып, 3 қазан палау әзірленді.

Сонымен қатар Қазалы вагон пайдалану депосының бастығы, аудандық мәслихат депутаты Арғын Орымбаевтың ұйымдастыруымен Қазалы теміржолшылары бірігіп, жолда тұрып қалған жолаушыларға түскі және кешкі мезгілде ас берді. Станциядағы мекемелердің кәсіподақ ұйымдары, белсенді  жастар күнделікті 2 тайқазан астан бөлек, сусын, нан үлестіріп, жолаушылардың алғысына бөленді.

Ас-ауқат тегін таратылып жатқандықтан Қазалы станциясы торабында азық-түлік бағасы жергілікті тиісті органдар тарапынан бақылануда.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда