Қайырымдылық пен мейірімділік эстафетасы бастау алды

Әлеумет
27.02.2024, 09:32
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Ел ішінде жас теміржолшылар легін қалыптастыра отырып, оларды еңбексүйгіштікке баулу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету Ұлттық компания арасында кеңінен насихатталатыны белгілі. Осы мақсатта шымкенттік жас теміржолшылар арасында өнегелі іс өріс алды.    

Шымкент магистральдық желі бөлімшесі кәсіподақ ұйымының қолдауымен Жастар ісі саясаты бойынша өкілі Назарбай Ыбышев бастаған жас  теміржолшылар Түлкібас пен Шымкент аралығында жұмыс істеп жатқан Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясы мен Шымкент жол дистанциясының жұмысшыларына ыстық ас түстік ұйымдастырып апарды. Олар қыстың көзі қырауда темір жол телімінің 3 360-шақырымында көрнекті Алаш қайраткері, тұңғыш қазақ инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың жобасымен 1915-16 жылдары салынған темір жол туннелінің маңында, Түлкібас ауданының аумағындағы тау етегінде 1 500 метр жолды шұғыл ауыстырып жатқан 200-ге жуық азаматты ыстық ас-ауқатпен қамтамасыз еткен жастар тірлігіне барша риза болды. Сол жерде бір мал құрбандыққа шалынып, Қазақ елінің өсіп-өркендеуі жолында жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің рухына Құран бағышталды. Олар қайырымдылық пен мейірімділік эстафетасын жалғастыруды Баянауыл мен Алматы өңіріндегі әріптестеріне жолдады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Ұлттық компанияның айрықша жобасы – «100 жас есім» санатында 200 маман тіркелген болса, Түркістан өңіріндегі түрлі мекеме, кәсіпорындарда 10 жас теміржолшы әрқилы лауазымдарда еңбек етіп келеді.

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты