Құшақ гүлге толған күн

Әлеумет
08.03.2024, 12:41
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көктемнің шуақ шашқан алғашқы мейрамының адамзаттың асыл бөлігі әйелдерге арналуы тегін емес. Әйел – ана. Әйел – жар. Әйел – ару. Сондай-ақ әйел – еңбек адамы. Қазақстан темір жолының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жатқан қыз-келіншектерді төл мерекесі қарсаңында теміржолшы азаматтар гүл шоқтары мен сыйлық ұсынып, жылы лебіз айтып, қарсы алып жатты.

Бүгінде ұлттық компанияда еңбек ететін теміржолшылардың 22 пайызын әйелдер құрайды. Олардың ішінде 19 пайызы компания Басқармасы мен Директорлар кеңесінің мүшелері болса, 24 пайызы – барлық деңгейдегі басшы қыз-келіншектер. Сонымен қатар теміржолдағы әйелдердің 58 пайызы әкімшілік-басқарушылық қызметтерде болса, өндірісте 20 пайызы ерлермен бірдей ауыр жұмыстарда еңбек етеді. Компания тарапынан теміржолшы әйелдердің еңбегі ешқашан елеусіз қалған емес. «Адал еңбегі үшін», «Кәсібі бойынша үздік», «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін», «Үздік маман» сияқты сан алуан марапат иегерлері қаншама... Алайда, теміржолшылар үшін жоғары награда «Құрметті теміржолшы» белгісін бүгінде 35 әйел иеленген. Әйелдердің мүддесі биылғы жылдың басында күшіне енген 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық шартта да қорғалған.

Міне, нәзік жанды әріптестеріне әрқашан құрмет көрсетіп, сыйлайтын ҚТЖ ер азаматтары биыл да мереке қарсаңында компанияның бас ғимаратында әйелдерге арналған тамаша тарту жасады. Ол теміржолшылардың өз өнерлерін ортаға салып, дайындаған концерттік бағдарламасы еді.  

Мерекелік концерт сұлулық иелері – барша әйелдер қауымы ның болмысын ашатын әсерлі өлеңдер оқумен басталды. Бұл нөмірді теміржолдың танымал басшылары Вадим Копылов, Владимир Бабиченко, Ербол Түсіпов, Марлен Көкірекбаев орындады. Келесі кезекте Данель Темірбек, Сабыржан Сағынбаев, Дәулет Кеңесбек сынды теміржолшылар өздерінің кішкентай қыздарымен ортаға шығып, «Қызым» әнін шырқады. Сонымен қатар Дәурен Бектұрғанов, Асхат Саликов «Шашы ұзын қыз» әнімен жиналған арулардың көңілін көтерді. Қарағандылық машинистер «Мир не прост» әнімен көрермендердің көзайымына айналса, тағы бір теміржолшы Ұзақбай Темірлан «Ана» әнін орындап, жүректі елжіретті. Арман Сұлтанов пен Дәурен Құтпанбаев орындаған «Жаным» әні, Әуезнұр Әліп орындаған «Әр әйел бақытты болуға лайықты» әндері лирикалық иірімдерге толы болды. Ал ағайынды теміржолшылар Ілиясовтардың «Попурриі», «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы Серік Кеулімжаев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов орындаған «Әйелдер» әні мерекелік көңіл-күйді еселей түсті. Зал толы қыз-келіншектер әріптестерінің өнеріне қошемет көрсетіп, шексіз ризашылық білдірді.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті