Су ортасында қалған ауылдарға темір жолмен азық-түлік жеткізіледі

Әлеумет
02.04.2024, 11:44
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе өңірінде оннан аса өзен арнасынан асып, 5 ауданда және облыс орталығында төтенше жағдай жарияланды. Республикалық, облыстық маңызы бар жолдарды су шайып, көлік қатынасы тоқтады. Тек теміржол бойы тасқын судан аман, сондықтан теміржолшылар су ортасында қалған ауылдарға азық-түлік жеткізуді ұйымдастыруда.

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің мәліметіне сүйенсек, тасқын су Жем-Қандыағаш учаскесінде және Жұрын-Ізімбет аралығындағы тақ жолға және көпір астындағы күшті ағыс темір жолға да қауіп төндірді. Теміржолшылар дер кезінде көпірдің тірегін нығайту жұмыстарын жүргізіп, бұл жұмысқа 50 адам тартылды. 65 ТБ шпал және 150 қап құм төселді. Дәл осындай жұмыстар Қандыағаш-Қарауылкелді учаскесінің 69 км, 90-км де жүргізілді. Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің барлық (НЖС-11) желілік кәсіпорындары күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшірілген. ТЖ төсемі, тұрғын үй, өндірістік-техникалық ғимараттардың маңында уақытылы айналма жолдар жүргізіліп, су жиналатын орындар анықталды. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін суды бұру бойынша шұғыл шаралар қабылданды. Тасқын суды өткізуге уақытылы дайындалу мен тиісті іс-шараларды уақытылы өткізу арқасында теміржол бойы зардап шеккен жоқ.  

Қазіргі уақытта теміржолшылар Жем станциясы маңындағы ауылдарға азық-түлік жеткізуді қолға алған. Бұл туралы Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары өткізген жиында айтылды. Ембі қаласын темір жол арқылы азық-түлікпен қамтамасыз ету жергілікті станция басшыларына міндеттелді. Жиынға Қандыағаш станциясының бастығы А.Мажитов пен орынбасары А.Ақбалиев қатысты. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, Ақтөбе қаласында орналасқан «Анвар» супермаркетінің басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде супермаркет арқылы Ембі қаласында орналасқан «Адсана» және «Әділет» сауда үйлеріне 80 тонна азық-түлік теміржол вагондарымен алдағы дүйсенбі күні жеткізілетін болды.  

«Жаңа ғана жиын өтті. Темір жол арқылы азық-түлік тасымалдау жұмыстары басталды. Бүгін Ақтөбе қаласынан Жем станциясына 3 вагон азық-түлік жеткізіледі», – деді Қандыағаш станциясының басшысы Асхат Мәжитов.  

Сонымен қатар Жем станциясында ауа райының қолайсыздығы, автожол қозғалысының қиындығына байланысты науқастар да теміржол арқылы тасымалданып жатыр.  

«Ауыр науқастарды орталыққа жіберу жұмыстарын ұйымдастырып жатырмыз. Күнара диализ алып отырған адамдарды билеті болмаса да пойызға отырғызуды ұйымдастырдық», – деді Жем станциясының басшысы Арман Өтеғұлов.  

Сонымен қатар Ақтөбе қаласында теміржолшы жастар мен волонтерлер тасқын судан зардап шеккендерге көмектесіп, су жолын бөгеуге қапшықпен құм тасып, гуманитарлық көмек таратып жүр.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты