«Кедентранссервис» су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жіберді

Әлеумет
11.04.2024, 14:17
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елдегі төтенше жағдайға байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдары да көмек қолын созып, гуманитарлық көмек беруден тыс қалмады. Осы аптада «Кедентранссервис» АҚ су тасқынынан зардап шеккен қызметкерлерге көмек жіберді.  

Табиғи апаттың кесірінен үйлерін су басып кеткендер арасында ҚТЖ-ның 155 қызметкері де бар. Оның төртеуі – зейнеткерлер.  

– Осындай сын сағатта біздің компания қызметкерлері ауызбіршілік танытып, әріптестеріне көмек қолын созуда. Солардың арасынан игі істі алғаш болып қолға алған «Кедентранссервис» АҚ компаниясына алғыс білдіреміз. Міне, олар гуманитарлық көмек ретінде заттарын әкеліп, тиісті станцияларға жөнелткелі тұр. Осы көмекті ұйымдастыру бойынша компанияда құрылған жедел штаб қабылдап алуда, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова.  

Сонымен қатар, айтуынша компания қызметкерлері өз еріктерімен бір және жарты күндік жалақыларын аударуда. Барлық көмек Атырау, соның ішінде Құлсары станциясына, Ақтөбе, Әйтеке би, Орал, Қостанай және Қарағанды станцияларындағы зардап шеккен әріптестерге жолданады.  

айтуынша, гуманитарлық көмекке компания қызметкерлері өз еріктерімен қалауы бойынша қатысуда.  

– Бұл жерде ұзақ сақталатын, бұзылмайтын, балаларға арналған тамақтар, жеке гигиеналық және химиялық заттар жиналды. Келеңсіздікер болмасын деп тек жаңа киім-кешек,  пайдаланылмаған төсек орындар жабдықтарын жіберіп жатырмыз, – дейді «Кедентранссервис» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры  Елдос Кәлімжан.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті