Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

Әлеумет
07.05.2024, 09:41
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК және автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл Жеңістің 79 жылдығын Қазақстан бойынша Ұлы Отан соғысының 160 ардагері қарсы алғалы отыр. Олар тұратын аймағына байланысты 1,5 миллионнан 3 миллион теңгеге дейін ақшалай төлем алады.

Еліміздегі ең ірі жұмыс беруші компанияның бірі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ оқ пен оттың арасынан келген кешегі майдангерлерді, соғыс және тыл ардагерлерін еш уақытта ескерусіз қалдырған емес. Қазіргі таңда Қазақстан темір жолы бойынша ел өңірлерінде Ұлы Отан соғысының көзі тірі 9 ардагері бар. Олар – Василий Антонович Сердюков, Андрей Яковлевич Шаров, Василий Иванович Григораш, Григорий Петрович Степенко, Василий Андреевич Снегур, Қалмен Мұратов, Александра Тихоновна Саратовцева, Борис Сергеевич Шолубай және осы биыл 101 жасқа толған қызылордалық қарт майдангер Төлеген Жүнісов. Сонымен қатар ҰОС ардагерлерімен теңестірілген Ленинград блокадасының 3 қатысушысы, концлагерь тұтқыны болған 4 адам және ҰОС ардагерлерінің 3 жесірі, сондай-ақ 1523 тыл ардагері бар. Ұлттық компания атынан 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында осы ардагерлерді құттықтап, азық-түлік себеттерін тарту етіп, мерекелік концерт ұйымдастырды. 

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2024- 2026 жылдарға арналған Ұжымдық шартта да соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген ардагерлер мүдделері мен құқықтары қорғалған. Атап айтсақ, Компанияда есепте тұрған ҰОС ардагерлеріне, яғни бір ардагерге айына 50 кВт есебінен тұтынылған электр энергиясы мөлшерінде ай сайын материалдық көмек көрсетуге, теміржол көлігімен жол жүруге арналған шығыстарын жылына бір рет өтеуге, сондай-ақ Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысына, Қатынас жолдары халықтық комиссариаттарының арнайы құрылымдарына қатысушы болып табылатын зейнеткерлерге 50 АЕК материалдық көмек көрсету қарастырылған. Сонымен қатар жыл сайын Отан қорғаушы күнін мерекелеуге орай Компанияның зейнеткерлері Чернобыль АЭС-тегі апат салдарын жоюға қатысушыларға және ҰОС қатысушыларына теңестірілген, яғни әскери қызметін Ауғанстанда өтеген немесе басқа да соғыс іс-қимылдары жүргізілген мемлекеттерде өткізген зейнеткерлерге 20 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсету міндеттелген.  

Биылғы 9 мамыр қарсаңында Астанадан Павлодарға Жеңіс күніне орай арнайы безендіріліп рәсімделген №7502 электр пойызы жолға шықты. Бұл электр пойызы соғыс жылдары бейбітшілік үшін құрбан болған қазақ жауынгерлерінің ерлігін еске алуға арналған.  

Құрамда Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Рахымжан Қошқарбаев сынды Ұлы Отан соғысының батыр жауынгерлерінің суреттері мен Жеңіс лентасы орнатылған. Мереке құрметіне жолсеріктер жолаушыларды салтанатты формамен қарсы алды. Ал жолаушылар «Жеңіс пойызының» алдында суретке түсіп, мерекелік лебіздерімен бөлісуде.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты