Ардагерлер – ұлт ұйтқысы

Әлеумет
08.05.2024, 11:12
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күнінің құрметіне орай жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде озат атанған ардагерлер марапатталған болатын. Олардың арасында қос бірдей теміржолшы қария бар.

Атап айтсақ, «Ардагерлер ұлт ұйтқысы. Ұрпақ жалғасы, Отан қорғаушы – жастар» атты тақырыпта өткен форумда республикалық Ардагерлер ұйымының ұсынуымен Құрметті теміржолшы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ консультативтік кеңесінің мүшесі Қырықбай Әлсейітов пен Құрметті теміржолшы, «Түрксіб-Семей» мұражайының Құрметті директоры Мақсұт Көшжанов сынды қариялар көпшіліктің қошеметіне кенеліп, марапатталды. Теміржолдың тарландары «Құрметті ардагер» лентасы мен куәлігін салтанатты түрде иеленді.  

Форумның мақсаты – аға буын ардагерлер мен кейінгі толқын жастар арасындағы рухани сабақтастықты нығайту, бастауыш ардагерлер ұйымдарындағы жастарды тәрбиелеудегі патриоттық жұмыстарды ширату болатын. Ал қос абыз ақсақал қалалық ардагерлер кеңесі президиумының белсенді мүшелері. Ешбір қоғамдық шара олардың қатысуынсыз өтпейді десек те болады. Бүгінде олардың жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу ісіне сіңіріп келе жатқан еңбектері аса зор.  

Қазіргі таңда Семей ЖТ бөлімшесінде ардагерлер кеңесі мен өскелең буын арасында байланыс тұрақты түрде жолға қойылған. Ардагерлер мен жастар ұйымының бірлесіп өткізіліп жүрген іс-шаралары соның жарқын айғағы деп білеміз.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда