Жеңістің 79-шы көктемі

Әлеумет
08.05.2024, 11:27
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сыр өңірінде көзі тірі бірнеше соғыс ардагері қалған. Солардың бірі – 101 жастағы Төлеген Жүнісов. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебеков бастаған аймақ теміржолшылары ардагерді Жеңістің 79 жылдығымен құттықтап барып, батасын алды.

Майдан даласында атқыштар полкінде оқ пен оттың арасынан шайқаса жүріп аман қалған қаhaрманмен дидарласу аймақ теміржолшылары үшін тарихи оқиға. 

Ғасырдан жасы асса да Төлеген қария әріптестерін танып, көрген кезде алғысын жаудырып отырады. Теміржолшылар да оның жағдайына әркез алаңдап, назарда ұстап келеді. Керек-жарағын үнемі тауып әкеліп, көмек қолын созудан аянбайды. Бұл жолы да құр қол бармай, азықтүлік, жеміс-жидек толтырылған себетін және қаржылай сыйлық ала барып тапсырды. 

– Жылдағы дәстүр бойынша майдангер Төлеген қарияға дистанция теміржолшылары атынан көмек көрсетіп келеміз. Үнемі отбасы мүшелерімен хабарласып, хал-ахуалын біліп отырамыз. Жеңіс күні қарсаңында бөлімше басшылығымен бірге келіп, құрмет көрсетіп, қарияның алғысына бөленіп, батасын алдық, – дейді дистанцияның кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қожахметова. 

1942 жылы 19 жасында әскер қатарына алынып, Өзбекстанның Самарқанд қаласына келеді. 8 айға кіші командирлікке оқуға жіберіледі. Алайда, 5 айдан соң соғысқа аттанып, майданға кіріп кетеді. Төлеген Жүнісов арнайы оқудан кейін сержант дәрежесімен соғысқа кіріп, Германияның бірнеше қаласының жауды қуып, Жеңісті Берлин қаласында қарсы алады. 

Автомат пен қол пулеметін қатар меңгерген қазақ баласы Украинаны жаудан азат ету жолында ерекше ерлік жасайды. Жауынгерлік ерлігі үшін майдангер «I дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «За боевые заслуги» және «За отвагу», «КСРО Қарулы күштеріне-60 жыл», «КСРО Қарулы күштеріне-70 жыл», «Еңбек ардагері» және «Астанаға-10 жыл» секілді орден-медальдармен марапатталды. 

Төлеген Жүнісовке «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені» ұрыс кезінде жаудың соғыс қимылына қажетті құрал-жабдықпен жасақталған және жан-жағын, алды-артын жіті қарап, бақылай алатын «Тигр» танкісін жарып жібергені үшін беріледі. Теміржолшы-майдангер үшін бұл марапаттың орны бөлек. 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда