«Саламатты Қазақстан» пойызы Маңғыстау тұрғындарын қабылдады

Әлеумет
27.05.2024, 12:46
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Денсаулық сақтау министрлігі және «Самұрық Қазына» АҚ қолдауымен жолға шыққан «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Маңғыстаудағы жұмысын жалғастыруда. Түбек тұрғындарын қабылдауды мамырдың үшінші күні бастаған пойыз 25 мамырға дейін облыстың елдімекендерін аралады.    

Заманауи диагностикалық және соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген пойыз құрамында қырық шақты маман бар. Медицина қызметкерлерінен бөлек заңгерлер және медиаторлардың да болғаны халыққа тиімді болып тұр.    

Пойыздың өңірдегі алғашқы аялдамасы Бейнеу ауданындағы Тұрыш станциясы болды.Онда екі күн қызмет көрсетіп, Сай-Өтес станциясына жол тартты. 6-7-8 мамыр күндері сайөтестіктерді қабылдап, медициналық және құқықтық кеңес беру, т.т. қызмет көрсетті. Одан кейін Жаңаөзен станциясында үш күн тұрақтап, жұртшылықтың алғысын арқалаған ақжолтай пойыз Болашақ станциясына 12 мамырда жетті. Облыс орталығынан бес жүз шақырым шалғайдағы бұл станцияда да пойызды тағатсыздана күткендер көп болды. Жүз елуге жуық жергілікті тұрғынға қызмет көрсеткен соң пойыз бағыты Жетібай станциясына ауысты. Жетібайлық жұртшылық та қалауынша тегін медициналық және заңгерлік көмекке кенелді. Мамандандырылған пойызды Қарақия станциясында да қуана қарсы алды.  Басы ауырып, балтыры сыздаған жандар мен түрлі құқықтық мәселелердің түйінін таппай жүрген тұрғындар тегін беріліп отырған мүмкіндікті белсенділікпен пайдаланды.  

Шетпе станциясына 16 мамырда келген жылжымалы емхана мен құқықтық  көмекті күткендер қарасы көп екен. Былтыр Шетпеге бұрылмай кеткен пойыздың биыл жеткеніне қуанып, алғашқылардың бірі болып денсаулығын тексертуге келген Тұрым ақсақал болды. Лор дәрігерінің қабылдауында болып, ем-дом алған қария ақ халаттыларға алғысын білдірді.  

– Әлеуметтік жоба бойынша жолға шыққан пойыз сегіз вагоннан құралған. Төртеуі толығымен медициналық құралдармен жабдықталған. Пойыз жылда әртүрлі кестемен түрлі станция және бекеттерге барады. Қазір Үстірт станциясындамыз. Екі тәулік бойы жергілікті тұрғындарға қабылдау жүргіземіз. Арнайы тексеру, зерттеу құрылғыларымыздан өтудің бәрі ақысыз түрде жүзеге асырылады. Халық дереу қорытындысын біліп, керек кеңесін алып кетуде. Қажет жағдайда кішігірім ем-дом да көрсетеміз. Осы күнге дейін бес мыңнан артық адам қабылдадық. Оның ішінде шұғыл көмек көрсету керек жағдайлар да болды. Бірнеше науқасты шұғыл ауруханаға жатқыздық. Қатерлі ісікке күмәнді адамдар да анықталды. Мұндай науқастарды жергілікті медицина ошақтары әрі қарай бақылауға алады, – деп мәлімет берді телефон арқылы Үстірт станциясынан «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған пойызының бас дәрігері Айнұр Егинбаева.  

Маңғыстауға сапарын 25 мамырда Опорная станциясында аяқтайтын пойыз әрі қарай су тасқынынан зардап шеккен халыққа қызмет көрсету үшін Атыраудың Құлсары қаласына жол тартады.    

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл