Жол айрық тұрғындары ауызсуға қол жеткізді

Әлеумет
28.05.2024, 11:56
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша теміржолшылардың әлеуметтік мәселелерін шешу алдыңғы кезекте тұр. Осы орайда желі бойындағы теміржолшылар шоғырланған шағын елді мекендерді сапалы ауызсумен қамту әлі де маңызды әрі стратегиялық мәнге ие.

Бүгінгі таңда Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты барлық станцияларға «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС тұрақты қызмет көрсетуде. Осы саланың білікті маманы Бауыржан Үмбетов басқаратын ұжымның соңғы жылдардағы жетістіктері көп. Осыған дейін Ақтоғай-Аягөз-Жарма телімдері арасындағы шағын жол айрықтарындағы су беру нысандары күрделі жөндеуден өтсе, №9 жол айрығы, Таңсық, Балықтыкөл сынды бірқатар станцияларда су тұщытатын «Таза су» құрылғысы пайдалануға берілді. Олардың барлығы да бүгінде толықтай техникалық талаптарға сай жұмыс істеп тұр.  

Міне, теміржолшылар игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар қатары жуырда тағы бір нысанмен толығып, Ақтоғай-Аягөз телімі аралығындағы №21 жол айрығының тұрғындары үшін жағымды жаңалық орын алды. «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС және НЖС-6 теміржолшыларының күш салуымен бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, ауыз суға қол жеткізілді. Ендігі аралықта таза су мұнда еңбек ететін жолшылар мен қозғалысшылар үшін тасымал болмайды. Шөлейтті даланың ортасынан тіршілік нәрінің жаңадан көзі пайда болды.  

Жол айрығының барша тұрғындары осынау игілікті іс үшін бөлімше мен «Теміржолсу-Аягөз» басшылығымен қоса осы шараға атсалысқан ПЧ-42 жолшыларына алғыс жаудыруда. Ауызсудың келуімен бұл жерден көшіп кеткен тұрғындар қайта оралып, мұндағы тіршілік те қайта жанданады деген үміт мол.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті