Корпоративтік омбудсмен аппараты биыл 170 өтінімді қарады

Әлеумет
09.08.2024, 09:13
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл наурыз айында белгілі теміржолшы Батыр Котырев «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік омбудсмені қызметіне кіріскені белгілі. Көпшілік үшін Омбудсмен тосын қызмет, оның жұмысы не, міндеттері қандай?

Компанияның директорлар кеңесінің 2021 жылғы 16 маусымдағы шешімімен бекітілген корпоративтік омбудсмен туралы Ережеге сәйкес айтар болсақ, омбудсмен дегеніміз – директорлар кеңесі тағайындайтын, жұмысшылар мен жұмысшы топтары, жеткізушілер, клиенттер және еншілес ұйымдар арасындағы әлеуметтік кикілжіңдер мен еңбек дауларын бастапқы кезеңінде шешіп, жанжалдардың алдын алуға ықпал ететін тұлға. Ол осы ретте ҚР заңдары мен компанияның локальды актілері, компания мен оның еншілес ұйымдарының мінез-құлық кодексі ережелерін басшылыққа алады.  

Компания директорлар кеңесі осы қызметке тағайындап, жұмысына кіріскеннен бастап Б.Котырев республиканың бірнеше өңірлеріне, яғни Павлодар, Алматы, Қостанай өңірлеріне барып, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және магистральдық желі ұйымдарының еңбек ұжымдарымен, сол өңірлердегі медиаторлармен кездесті. Сонымен қатар 300 дана QR-код постері шығарылып, магистральдық желі мен жүк тасымалы ұйымдарының бәрінде орналастырылды. Бұл компания қызметкерлерінің тәуліктің кез келген сәтінде компанияның омбудсменіне олардың жұмысына кедергі болатын мәселелер бойынша хабарласуына мүмкіндік береді. Осы қысқа уақыт ішінде код арқылы омбудсменге 18 сондай хабарлама келіп түскен. Бұл жұмысшылардың қойылған сұраққа бірден жауап алуына, сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ «жедел желісі» арқылы және омбудсменге жазбаша түрде келетін хабарламалар санын азайтуға мүмкіндік берді. Аталған QR-кодты қолдану мақсаты – компания қызметкерлерінің құқығын қорғау, сонымен қатар омбудсменге жеткізетін бұзушылықтарды дереу жою. Мұндай хабарламалар мен жолданымдарға жылдам жауап беру әлеуметтік тұрақтылық индексін арттырып, әлеуметтік шиеленісті қысқартуға септік етеді.  

– Талдау көрсеткендей, ауызша түріне жүгінетін қызметкерлердің мәселесі «жедел желі» арқылы түсетін өтініш-шағымдарға қарағанда анағұрлым жылдам шешіліп, заң бұзу фактілері болса дереу жойылады. Себебі «Нысана» колл-орталығына түскен өтініштер жұмыс берушіге жеткенге дейін көп уақыт кетеді. Әдеттегідей келіп түскен өтініштердің дені жалақыны көбейту, үстеме ақы, қосымша ақы төлеуге немесе олардың дұрыс төленбеуіне қатысты болып келеді, оларға қолданыстағы жалақы төлеу Ережелерін, сонымен қатар Ұжымдық шартты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, – дейді Б.Котырев.

Жұмыс берушінің жұмысшыны тәртіптік жазаға тартуы бойынша шағымды қарағанда омбудсмен көбіне жұмыс берушіге мұндай өтініштерді өзі қарап, жіберген олқылықтарын жоюды ұсынады, ал одан бас тартса, омбудсмен аппараты талдау жасайды немесе бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар беру арқылы тексеру жүргізеді, бұған жұмыс беруші көбіне келісім береді.  

Сонымен биыл алғашқы жартыжылдықта Корпоративтік омбудсмен аппараты «Самұрық-Қазына» АҚ «жедел желісі» арқылы, омбудсмен кеңсесіне түскен, сонымен бірге QR-код бойынша келген 170 өтінімді қарады. Соның ішінде 42 өтініш жауабы беріліп, қанағаттандырылды. 27 өтініш бойынша жұмыс жүргізуден бас тартылып, 73 өтінішке түсініктеме берілді. Қалғандары басқа жаққа жолданды немесе кейін қайтарылды.  

Омбудсмендер өңірлерге барып жергілікті теміржолшылармен жолыққан кезде жұмысшылар тарапынан айтылатын өзекті мәселелер де болады, мәселен, олар арнайы жұмыс киімі мен аяқ киімнің сапасына шағым айтады. Бұл ретте арнайы жұмыс киіммен жұмысшылардың дер кезінде қамтамасыз етілуі бойынша еш мәселе жоқ екенін атап өту керек, тек киімнің сапасына қатысты шағымдар болады. Осыған орай Компания мен еншілес ұйымдар басшылығының атына омбудсмен тарапынан қызметтік ұсыным хаттар жолданып, сол бойынша стандарттарға өзгерістер енгізу жөнінен жұмыстар жүргізіледі. Осы уақыт ішінде «Жолаушылар локомотивтері» ЖШС, «Құрық порты», «Теміржолсу» ЖШС басшылығына жұмысшыларға тәртіптік жаза қолдану кезінде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдық анықтама жолданып, бұл хат ұжымдарға сол олқылықты жою үшін жеткізілді.  

Корпоративтік омбудсменге Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 6 мекенжайы бойынша компанияның бас ғимаратындағы «А» блогы, 213/5 кабинетке келіп немесе 60-40-31, 60-43-40, 60-40-24 қалалық нөмірлерге телефон соғып, сонымен қатар QR-код арқылы хабарласып, өтініш-арыздарын қалдыруына болады.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады