Еңбек қорғауға елеулі қадам

Әлеумет
09.08.2024, 09:20
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы еңбектің санитарлық-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында ауқымды іс-шаралар жүргізуді жалғастырып келеді.

Мәселен, биылға 500-ден астам нысанды жөндеу жоспарланса, персоналдарды тасымалдау және шаруашылық жұмыстары үшін 53 автокөлік сатып алу қарастырылған. Сонымен қатар жұмысшылар еңбегін жеңілдету бағытында өндірісті 1400-ден астам шағын механизациямен жарақтандыру көзделген. Қазір соның 900 астамы сатып алынып, діттеген жерлеріне жеткізілген. Сондай-ақ, 90 модульдік ғимарат орнатылды.  

Компания жолаушылар вагондары паркін жаңартуды да жалғастыруда. Жыл басынан бері 50 жолаушылар вагоны сатып алынып, олар Қызылорда – Семей, Алматы – Сарыағаш, Павлодар – Түркістан және Ақтөбе – Атырау бағдарына тасымалдау үдерісіне жұмылдырылған. Осылайша, бұл бағдарлардағы жылжымалы құрамдардың толықтай жаңарғанын атап өткен жөн. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясының жыл басынан бергі жұмысына келсек, магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру бағдарламасының шеңберінде 4 станцияда 19 жол немесе 21 км жол және 51 бағыттағыш бұрма салынып, сонымен қатар 3 мың текше метр жер төсемі төселген. Бұдан бөлек, алты ай ішінде 13 жекелеген пункте 19 жол қалпына келтіріліп, қозғалыс ашылған. Дирекция мамандары жол шаруашылығында инновациялық технологияларды енгізу жалғасын тауып жатқанын айтады. 2025 жылдан бастап жолды күрделі жөндеуден өткізуде судың жиналуын және ықтимал шашырауды болдырмау үшін үйінді беткейлерін жоспарлау енгізіліп отыр.  

Жол шаруашылығын дамытуда да бірқатар жұмыстар қолға алынған. Мысалы, 600-ден астам «Жол шеберлері – жол бригадирлерін» штатқа енгізу қарастырылып жатса, жолды күтіп ұстауда елеулі ауытқулары бар қисық телімдерде жолды жөндеу бойынша жедел шаралар қабылдау үшін Қызылорда НЖС базасында ірілендірілген мобильді жол бригадасын құру көзделген.

Сонымен қатар жасанды құрылыстарды жөндеу және күтіп күтіп ұстауды қамтамасыз ететін Мамандандырылған көпір жасағын дамытуға шешім қабылданып, қазір осы бағытта штаттық кесте бекітілген. Көпір жасағын құру барысында жол дистанцияларынан 258 адам және 4180 ғимарат берілген. Биылғы мамыр айынан бері мамандандырылған көпір жасағымен 250 жуық ақау жойылса, жыл соңына дейін 1900 астам ақауды жою жоспарланып отырған көрінеді. Қазір қажетті техникамен және шағын механикаландыру құралдарымен жасақтау жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылға дейін 15 бірлік арнайы техника мен жабдық және 18 бірлік шағын механизация құралдарын сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ, өңірлік қор базаларын қалпына келтіру, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде жедел қалпына келтіру үшін жинақтаушы көпірлерді толықтыру мүмкіндігі қарастырылуда. Мұның бәрі еңбек қорғауға елеулі қадам екені дау тудырмайды.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл