Балалардың экскурсиялық туры аяқталды

Әлеумет
13.08.2024, 10:25
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Орталық кәсіподақ жылдағы дәстүрмен «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлерінің балаларына биыл да Астана қаласына экскурсиялық тур ұйымдастырып, оған еліміздің барлық өңірінен 240 бала қамтылды.

19 маусым мен 9 тамыз аралығында өткен мазмұнды бағдарламаға Семей, Маңғыстау, Защита, Жамбыл, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақмола, Павлодар, Шымкент, Батыс Қазақстан және Астана өңірінің балалары қатысты. Балалардың әр кеші аниматорлардың қатысуымен түрлі ойындар, флешмоб, челлендж, балалар би кешімен өріліп, ал күндіз олар елорда төріндегі «Нұр Әлем» болашақ мұражайы, мұхитаралды, «Бәйтерек» монументін гидпен араласа, Экзотариум, Джунгли парктерін, ұлттық музейді тамашалап, мәре-сәре болды. Сонымен қатар сулы-жасыл желек алаңында, Есіл өзенінің үстінде теплоходпен саяхаттап, «Summer Fest» көңіл күй сергітерлік бағдарламаға қатысты.

Балалардың барлық саяхаттық іс-шаралары бейнероликке түсіріліп, ата-аналар оларды әлеуметтік желіге салып, бөлісуде.  

Өткен жұма күні балалардың соңғы легі Астанадан үйлеріне аттанды. Олармен «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев кездесіп, естелік суретке түсті.

– Балалар, бүгін сендердің елордаға үш күндік саяхаттарың аяқталып, үйлеріңе оралғалы отырсыңдар. Атааналарың теміржол саласында жұмыс істейтін болған соң осындай мүмкіндікке ие болып отырсыңдар. Сондықтан үйге барған соң әке-шешелеріңе алғыс айтуды ұмытпаңдар. Сабақтарыңды жақсы оқып, еліміздің мықты азаматы болыңдар! – деді кәсіподақ төрағасы.  

Балалар саяхатын ұйымдастырушылардың бірі Дина Мерекеқызы, балалардың кешкілік демалысы да өте мазмұнды өтіп, бүлдіршіндердің қабілетін ашатын, өнерін ортаға салуға мұрсат беретін әртүрлі байқаулар ұйымдастырылғанын және оған балақайлар белсенді қатысқанын атап өтті. Павлодардан келген Кәрімнің әкесі теміржолшы екен, ол бұл саяхаттан ерекше әсер алғанын, әрбір күн есте қаларлықтай ерекше оқиғаларға толы болғанын жеткізді. Ал керекулік тағы бір бүлдіршін Мерей анасы теміржолда бухгалтер болып жұмыс істейтінін, келешекте өзінің де анасы құсап есепші болғысы келетінін жеткізді. Балалар елордадан көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты