Дегелең станциясының ұжымы қайырымдылық акциясын бастады

Әлеумет
15.08.2024, 17:59
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей локомотив пайдалану депосы биылғы Қазақстан темір жолының 120 жылдық мерейтойымен қатар өздерінің 110 жылдығын атап өтуде.

Осыған орай, Дегелең станциясындағы ТД-18 айналым депосының ұжымы жуырда «10 қайырымдылық шарасы» атты акциясын бастады. Алдымен сала ардагерлеріне көмекке келді. Локомотив бригадалары депо ардагері Жұматай Қаңлыбаевтың үйіне барып шаруашылық жұмыстарына қол ұшын берді. 

 

Айналым депосының машинист нұсқаушысы, қоғам белсендісі Қазбек Смағұлов бастаған локомотившілер бас-аяғы бірнеше сағаттың ішінде ақсақалдың ауласындағы қаулап өскен арамшөп пен бұталарды тазартып, қора-қопсысын жөндеп, бақшасын да ретке келтіріп берді.  

Бүкіл ғұмырын Семей теміржолының локомотив шаруашылығына арнаған Жұматай Әбдіғалиұлы бүгінгі әріптестерінің, өскелең жас буынның ұмытпай, хал сұрай келіп, көмек көрсеткеніне қуанып қалды.  

– Зейнеткерлер ешқашан назарымыздан тыс қалған емес. Олардың барлығы локомотив шаруашылығында елеулі жылдар еңбек өтілі бар құрметті жандар. Біз үшін өнегенің көзі. Сондықтан тек бір реттік акциямен немесе қарттар күнінде ғана емес, жыл он екі ай бойы жәрдем көрсету – міндетіміз, – дейді бұл орайда пікір білдірген Семей локомотив пайдалану депосының кәсіподақ ұйымы төрағасы Серік Дүйсенбаев.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті