Теміржолшылардың балаларына қолдау көрсетілуде

Әлеумет
30.08.2024, 10:21
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Баланың қуанышын бәрінен жоғары қоятын Қызылорда теміржолшылары, оның ішінде салалық мекемелердің кәсіподақ ұйымы оқу жылы жақындағаннан қызу қарбалас үстінде жүр. Олар биыл қанша балаға берілетін мектеп сөмкесін дайындау керек, ішін қалай оқу құралдарымен толтырамыз, оны қалай тапсырған абзал дегендей сан-сауалмен оқушылардың өз ата-аналарындай үлкен жауапкершілік арқалауда. 

Дегенмен сырбойылық теміржолшылар баланың көңілінен шығу үшін оларды әрдайым алақанға салып аялап, мектепке қажетті оқу құралдары толы сөмкені әзірлеп тас-түйін дайындалып, тіпті кей мекемелерде балаларға арналған мектеп сөмкелері балаларын жетектеген ата-аналардың, қолдарына табыстауды бастап кетті. Батырхан Базарбаев басқаратын Қызылорда ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы, кадр бөлімі мамандары мен "Аманат" партиясы атынан 12 балаға мектеп сөмкесі беріліп, қолдау көрсетілді.

Қызылорда ЖТ бөлімшесі бастығының орынбасары Бекжан Өтеулиев, кадр бөлімі басшысы Орынкүл Нұрмашқызы, "Қазкөліккәсіп" ҚБ филиалы төрағасы Бауыржан Ахметовтер оқу құралдары толған мектеп сөмкесін тапсырып, білім нәрімен сусындап, өмір бойы серігің болатын білімнің ошағы мектептен басталатынын білдірді. Арман толы сөмкелерді иыққа асынған әрбір баланың арқалағаны білім, талғамы биік, тәрбиелі азамат болуына тілеулес екендіктерін жеткізді.

– Биыл Аманат партиясы атынан мектеп сөмкесі 12 балаға берілді, олар бөлімшенің кәсіподақ ұйымы қаржысымен оқу-құралдары сатып алынып толтырылды. Сөмкелер биыл мектептің бірінші сыныбына баратын, 3-4-5 санаттағы станцияларда жұмыс істейтін көп балалы теміржолшылардың балаларына берілді. Мұнан бөлек компаниядан теміржолшылардың балаларын мектепке дайындық кезеңінде әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында қаржылай көмек көрсетілді, – деді кадр бөлімінің басшысы Орынкүл Нұрмашқызы.

Сонымен қатар, Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты локомотив және вагон пайдалану деполарында жұмыс істейтін теміржолшылардың балаларын қолдау, оларды қуанту, білімге құштарлығын арттыру, отбасылық игілікті жоғары бағалап қадір тұту мақсатында 1 қыркүйекке байланысты 108 қызметкердің 395 баласына, Отбасы күніне орай 156 теміржолшының 2879 баласына қаржылай көмек беріліпті. Бұл аймақтағы бір ғана бөлімшеде болып жатқан шаралар, игілікті шара магистралді желі бөлімшесінің салалас мекемелерінде де жалғасуда.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл