Кәсіподақ ұйымдары балаларға оқу құралдарын таратты

Әлеумет
30.08.2024, 10:31
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

“ҚТЖ-Жүк тасымалы” ЖШС Батыс филиалының кәсіподақ ұйымы 149 баланы мектепке дайындады. Қызметкерлердің бастауыш сыныпқа баратын балаларына оқу құралдары толық таратылды.  

Ақтөбе өңірінде теміржол мекемелерінің кәсіподақ ұйымдары жаппай мектеп керек-жарақтарының қажетті жиынтығын алды. Теміржолшылардың балалары дәптер, альбом, қарандаш, қалам мен пластилин, түрлі түсті қағаздарды соның ішінен таба алады.

“Жылда кәсіподақ ұйымы атынан қызметкерлеріміздің бастауыш сыныптарда оқитын балаларына мектеп құралдары таратылады. Бұл бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде жалғасып келеді.  Құралдар алыс станциялар мен разъездегі балаларға толық таратылды. Бұл компания атынан берілетін белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі көмектен бөлек. Сонымен қатар, кәсіподақ атынан көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеміз”, – деді Батыс филиалының кәсіподақ ұйымының төрағасы Самат Ұлмағамбетов.  

Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау ұлттық компанияның басты басымдықтарының бірі. Қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін арнайы бағдарлама аясында жұмыстар жолға қойылған.  

Балаларды мектепке дайындауға атсалысу қазір Ақтөбе өңіріндегі барлық станцияларда кәсіподақ ұйымдары атынан ұйымдастырылып жатыр. Кеше Шалқар ШЧ -3 кәсіподақ ұйымы атынан 1сыныпқа баратын 36 балаға сөмке толы оқу-құралдар таратылды. Ақтөбедегі электрмен жабдықтау дистанциясының бөлімшелері де әр ауданда таратып жатыр.  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды