Шымкентте 3 мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі

Әлеумет
30.08.2024, 10:00
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

«Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалы мен Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің және «Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент филиалының ұйымдастыруымен жаңа оқу жылы қарсаңында 3 мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі.

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шаралар жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Одан бөлек, теміржолдан берілетін қолдау-көмек те аз емес. 

– Біздің өңірде теміржол мекемелерінде еңбек ететін отбасыларда 3 немесе одан көп баласы мектепке баратын әріптестеріміз аз емес. Ұжымдық шартқа сәйкес олардың әрбіріне 4 АЕК шамасында қаржылай көмек көрсетілді. Биыл мұндай қаржылай қолдауға 2 500 теміржолшы отбасының балалары ілінді, – дейді Шымкент ЖТ кадр бөлімінің әлеуметтік және еңбек қатынастары инспекторы Жұлдызай Қайсарова. 

Сол сияқты 3, 4, 5-класты станцияларда жұмыс істейтін теміржолшылардың биыл бірінші сыныпқа баратын балалары да тиісті жеңілдіктерін алуда. Оларға ішіне құрал-жабдығы жинақталған арнайы сөмкелер үлестірілген. Оған қоса, «Отбасы күніне» орай ұл-қызының саны төрттен жоғары әрбір теміржолшының жалақысына 5 АЕК көлемінде бір реттік қосымша қаржылай қолдау көрсетілген. 

Бұдан басқа «Мектепке жол» акциясы аясында теміржолшылардың мектеп табалдырығын аттайтын балаларына құрал-жабдықтар салынған арнайы сөмкелер де табыс етілуде екен.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл