Қызылордада балаларды мектепке дайындау шарасы жалғасып жатыр

Әлеумет
02.09.2024, 14:59
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелерде еңбек ететін теміржолшылардың балалары түгел мектепке барды. Білім күніне орай балаларды мектепке дайындау шарасынан бірде-бір бала тыс қалмауы қадағаланды.

Мысалы, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің жеке шаруашылығы бойынша 10 бүлдіршінге қажетті мектеп құралдары толтырылған сөмкені бөлімше бастығы Ербол Сәулебеков өзі тапсырып, балалардың қуанышына ортақтасты.    

Сондай-ақ Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында 30 балаға, Теміржолсу-Қызылорда мекемесінде 14 балаға, Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясында 40 балаға, Қызылорда электрмен жабдықтау, жол және қалпына келтіру пойыздары мекемелерінде де мектеп табалдырығын бірінші аттайтын 2-3 бүлдіршінге қолдау көрсетілді.

– Ұжымдық шартқа сәйкес  3, 4, 5-класты станцияларда жұмыс істейтін теміржолшылардың бірінші сыныпқа баратын балалары тиісті жеңілдіктер алып жатыр. Оларға кәсіподақ ұжымы әзірлеген сөмкелер үлестіріліп, оған қоса балаларының саны төрттен жоғары әрбір теміржолшыға «Отбасы күніне» орай бір реттік қаржылай көмек берілді, – деді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Салтанат Махмутова.

Айта кетерлігі, Отбасы күні қарсаңында Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының бірқатар қызметкерлеріне  құрмет көрсетіліпті. Мысалы 60 жасқа толған электромеханик Сәндібек Нұрмахановқа, 50 жасқа келген Нұрлан Зұлпықаровқа мерейлі жастарына орай сыйлық жасалды. Дистанцияда 40 жылдан астам жұмыс істеп зейнет жасына жеткен Шиелі-Шорнақ участогының электромеханигі Темірбек Қожантаевты, КТСМ электромеханигі Сейілхан Байжановты және Шорнақ-Бесарық телімінің СОБ электромеханигі Анарбай Юсуповты зор құрметпен зейнет демалысына шығарып салды.  

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл