Модульдік жатақханалар көбейді

Әлеумет
09.09.2024, 12:27
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның арнайы жобасы аясында қолға алынған модульдік жатақханалар түзде жұмыс істейтін теміржолшылар үшін тамаша мүмкіндік туғызып отыр. Шалқар жол дистанциясында өткен жылы он модульдік жатақхана тұрғызылса, биыл тағы үшеуі қатарға қосылмақ.    

Бүгінгі таңда Шалқар жол дистанциясы аумағына қарасты Құрлық, Сардөлек және Қопатай разъездерінде жаңа модульдік ғимараттардың құрылысы жүріп жатыр. Дистанцияның бас инженері Қуаныш Құламановтың айтуынша, құрылыс жұмыстары биыл толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі.  

«2023 жылы 10 модульдік жатақхана пайдалануға берілді. Олар Көкала, Жаңа, Домбар, Бейімбет, Аққайтың, Сарыжиде, Бүйректөбе, Кеңдала, Төсбұлақ, Ақкеспе разъездеріне қойылды. Ауа райымен санаспай, үйдегісінен түздегісі көп сыртта жүріп еңбек ететін жолшылар үшін бұл өте игілікті жоба болды. Жатақхана кәдімгі тұрғын үйден еш кемдігі жоқ, барлық қажеттіліктермен толық қамтылған. Өте ыңғайлы. Жұмыстары бітпесе жолшылар кейде қонып та қалады.   Сондайда бұл үйлердің көмегі зор болып тұр. Тамағын жасап ішіп, жуынып-шайынып, тап-таза жайлы төсекте демалады. Теміржолшылардың әлеуметтік жағдайын жасау бағытында компания қолға алған жобаның игілігін молынан көріп отырмыз. Биыл тағы үшеуін іске қосамыз», – деді Қуаныш Құламанов.  

Шалқар жол дистанциясы 589,7 шақырым жолға қызмет көрсетеді, 400-ден аса теміржолшы еңбек ететін ұжымда 22 айналым бар. Қазіргі уақытта дистанция алдағы қысқа дайындық үстінде. Тассайдағы техникалар тұратын ғимарат, Тоғыз станциясындағы кеңсе және дистанция басындағы шеберхана жөндеуден өтіп жатыр. Ғимараттардың есік-терезесі жаңарып, шатырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды