Медпойыз Абай елін аралады

Әлеумет
19.09.2024, 10:55
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда байтақ елімізді аралап жүрген «Саламатты Қазақстан» пойызы Абай облысындағы сапарын тәмамдады.Тамыздың 24 күні басталған әлеуметтік пойыздың жұмысы Семей ЖТ бөлімшесіндегі он шақты станцияға аялдап, алыс жақын елді мекен тұрғындарына қызмет көрсетті.

Ақжолтай пойыз Шығыс Қазақстан мен Абай облысының шалғай ауылдары мен станциялар тұрғындарына биыл да зор жәрдем көрсетті. Облыстағы сапарын Дегелең станциясынан бастап, екі күн бойы жұмыс жүргізген пойыз әрі қарай Ауыл, Белағаш, Алтай, Бұқтырма, Күмістау, Таусамалы сынды елдімекен халқын қуантты.  Өткен апта облыс орталығынан жырақта жатқан Жарма, Үшбиік және Таңсық станцияларында да аялдады.  

Емхана-пойыздың қабылдау уақыты бір сағат түскі үзіліспен сағат 09:00-18:00 аралығында жүргізілді. Азаматтар үшін өздерімен бірге жеке куәлігі болса жеткілікті. Дәрігерлер әсіресе Үшбиік станциясында келушілер саны мол болғанын айтады. Жергілікті тұрғындар терапевт, хирург, педиатр, психолог, кардиолог, стоматолог және басқа да 40-тан астам маманның тегін медициналық қызметіне жүгінген.  

Сол тәрізді бұл әлеуметтік жоба денсаулықты нығайтуды ғана емес, құқықтық және психологиялық қолдауды да қамтиды. Пойыз құрамындағы құқықтық және медиативтік қолдау көрсететін заңгерлер мен медиаторлардың да қызметін пайдаланушылар қатары көп болған. Жалпы, ауылдағы халықтың өмір сүру сапасын арттыруды көздейтін жоба аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, көп балалы аналар, мүгедек және ауыр дертке шалдыққан балалары бар әйелдер мен мүгедектерге заң тұрғысынан да көмек берілді. Мысалы, Үшбиік станциясының бір тұрғыны медициналық пойыздың заңгерлеріне сот пен арадағы дау жөнінде кеңес сұрап келіпті. Оған тиісті кеңес беріліп, заңдық тұрғыда жәрдем жасалған.    

Абай еліндегі жұмысын сәтті аяқтаған пойыз  Қарағанды өңіріне жол тартты.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл