Теміржолшы жастар игілікті іс жасауда

Әлеумет
24.09.2024, 10:35
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшы жастар қашанда игілікті іс жасап, қайырымдылық шараларынан қалыс қалмаған. Осал топтағы жандарды қолдан келгенше қолдап жүретіндер қатарында түбектік жас толқын да бар.

Жуырда олар Ақтау қаласында орналасқан №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ауласында сенбілік ұйымдастырды. Атшаптырым орталықтың ауласын «жылан жалағандай» қылып, шөп-шалаң мен қоқыстан тазартқан жас теміржолшылар тірлігіне көз сүйсінді.  

Бұл қаладағы ерекше балалар тәрбиеленетін орталық болатын. Бүгінгі күні онда тоқсан бала өмір сүреді. Теміржолшы жастарға олардың біразының тағдыры да, өздері де жақсы таныс. Мерекелерде барып арнайы кештер ұйымдастырып, балақайлардың көңілін аулап жүретін жастар бұл жолы да құр қол бармады. Арнайы су жылытатын Аристон құрылғысын алып беріп, жеміс-жидектер жеткізді.

– Мүмкіндік болса біреуді қуантып, кімге болса да жан жылулығын сыйлағанға не жетсін. Оның ішінде баланың орны бөлек. Біздің теміржолшы жастар осы орталыққа үнемі қолдан келгенше көмектеседі. Жиі келіп, қал-жағдайларын, мұқтаждықтарын біліп тұрамыз. Бір келгенімізде су жылытатын құрылғысы істен шығып қалған екен. Бүгін сол құрылғыны ала келіп әрі ауланы тазалап, сенбілік ұйымдастырдық. Орталық қызметкерлері де, балалар да риза. Алғыс айтып жатыр. Алғыс алу – ол біз үшін үлкен мерей, – дейді маңғыстаулық теміржолшы жастардың өкілі, вагон қараушы Қуатбек Көпбаев.  

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға