Қарттар күні: ардагерлерге құрмет көрсетілді

Әлеумет
02.10.2024, 15:04
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

1 қазан – қарттар күніне орай Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің ұжымы бір топ ардагерлерді шақырып, құрмет көрсетті. Тағы бірқатар зейнеттегі қариялар отбасына азық-түлік себеті жеткізілді.  

Бөлімшенің конференц-залына жиналған зейнеттегі ардагерлер қатарында 1990 жылдары бөлімшені басқарған Аралбай Дүйсенов, Данышпан Асанов, Айдарбек Мұстафаев, Махмут Майгелдиев, Бегей Құлахмет, Асылхан Шәйхысламұлы, Сисен Шермаханов, Ахмедияр Пірімбетов аман-саулық сұрасқаннан кейін жуырда ғана жөндеуден өтіп, жаңарып-жаңғырған ғимаратты аралап көрді.

Қарияларды қарсы алып, дастархан басына шақырған бөлімше директоры Ербол Сәулебеков жалпы ұлттық компанияда, теміржолда жүзеге асырылып жатқан жаңалықтарды айтып, биыл күрделі жөндеу жоспары толық орындалғанын, дистанциялар жаңа техникалар алғанын, Қызылорда теміржол вокзалынан кейін аймақтағы тағы жеті теміржол вокзалы архитектуралық қалпы сақталып қайта жаңартылғанын жеткізді. Ардагерлер де өз кезегінде ақыл-кеңестерімен бөлісіп, ізбасар буынның ісіне қолдау білдірді.  

Емін еркін әңгіме-дүкен құрып, дастарханға бата беріп аттанған қарияларға мерекеге орай арнайы әзірленген сыйлықтар табыс етілді.  

Сонымен қатар бұл күні Қызылорда жол дистанциясының бастығы Марат Оңалов пен кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева дистанция зейнеткерлері Аманжол Аймаханов, Досжан Тәжімұратов, Дүйсенбай Әбдиев, Райкүл Наурызбаева, Ұлықпан Бахиевтің отбасына азық-түлік себетін ала барып, амандасып қайтты.    

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты