Қарттар үйіндегі теміржолшы

Әлеумет
02.10.2024, 15:22
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

93 жастағы Дмитрий Кушнир Ақтөбедегі қарттар үйінде тұрады. Шахмат ойнауды күнделікті әдетіне айналдырған қария 33 жыл теміржол саласында еңбек еткен.  

Теміржолшы темір тәртіпке дағдыланған әдетін бұл жерде де жоғалтпаған. Сағатпен шахмат ойнап, сағатпен таза ауада серуендейді. Қарттар үйіне келген оқушылар мен жастарды ойынға шақырып, ұтқырлық стратегиясын үйретеді.  

«Қазақстанда туып-өстім. Благодарный ауылында тұрдым. Оқыдым. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жұмыс істеп бастадым. Мал бағып, көкөніс жинадық. Кейін диірменде жұмыс істедім. Қапқа бидай толтырып, оны әйелдер тікті. Ағам әскерден оралған соң мен теміржол саласына кеттім. 41-разъезде жүк тасымалдаушы, сосын вагон тіркеуші болдым. Бір жылдан соң вагон құрастырушы болып ауыстым. Теміржол оқытты, жұмыс берді, үй берді. Сол жерден зейнетке шыққанша 33 жыл еңбек еттім, – дейді бір жылдан бері қарттар үйінде тұрып жатқан кешегі теміржолшы.  

Қарияның бес баласы да бүгінде өмірде жоқ. Қарттар үйі қызметкерлерінің айтуынша, немересіне өзі барып тұрады. Ақсақалдың жүрісі тың, қимыл-қозғалысы ширақ. Базарға барып өзіне ұнаған заттарды сатып алады. Қызметкерлер қарияның өзіне өте талапшыл, қатаң режим сақтайтынын айтады. Таңертең тамақ алдында міндетті түрде таза ауада жүріп қайтады екен.  

«Әріптестері келіп тұрады. Ондай кезде ата қуанып қалады. Теміржолшылар күні бір топ адам келді сый-сияпаттарын алып», – деді қарттар үйінің қызметкері Айнұр Кипанова.  

Ақтөбедегі қарттар үйінде тағдыры әртүрлі 223 адам тұрады. Оның ішінде 137 қарт, 86 мүгедек жан бар.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты