Маңғыстаулық теміржолшылар ардагерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлады

Әлеумет
04.10.2024, 08:59
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек теміржолының зейнеткерлері мен ардагерлері Маңғыстау станциясындағы мейрамханалардың бірінде кездесті. Кездесу кешін сала кәсіподағы қарттар күніне орай ұйымдастырды.

Мейрамханадағы мерекелік дастархан басында сала зейнеткерлері көңілді кешті тамашалап, өздеріне арнайы дайындалған ас-тағамдардан дәм татты. Еңбек жолдарын еске түсіріп, көптен көріспеген дос-жарандарымен дидарласып, көңілдері көтеріліп қалды.  

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директоры Нажімедин Ғұбашов пен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директорының міндетін атқарушы Ерназар Ізтұрғанов, сала кәсіподағының өңірдегі өкілі Сәрсенбай Есенқұлов және басқа да басшылар ізгі тілектерін айтып, құттықтады.  

Салтанатты шара одан әрі қарай өнерлі теміржолшылар дайындаған мерекелік шараға ұласты. Ән айтылып, домбыра тартылды. Би билеп, ардагерлер мәз-мейрам болды.  

– Аталған мерекелік шараға осы жақын маңда тұратын екі жүзден астам зейнеткер келді. Олар кезінде жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінде еңбек етіп, түбек теміржолының дамуына атсалысқан азаматтар. Бұл кісілердің еңбегі ешқашан ұмытылмайды, – дейді Орталық теміржолшылар кәсіби одағының өңірдегі өкілі Сәрсенбай Есенқұлов.

 

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл