«Үздік тіл маманы» кім?

Әлеумет
17.10.2024, 09:33
Суретті түсірген Олжас Ахметов
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан халқының тілдері күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ҚТЖ-да «Үздік тіл маманы» байқауы өтті. Компанияның Мемлекеттік тілді дамыту секторы ұйымдастырған жарысқа түрлі құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдардан 23 теміржолшы қатысты.  

Байқау мақсаты – мемлекеттік тілді құрметтеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, қызметкерлерді мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру, сонымен қатар аударма мен мемлекеттік тілде іс жүргізу, құжаттар дайындау сапасын арттыру. Жарысқа лауазымдық қызметіне аударма жұмысы кірмейтін қызметкерлер қатысып, оларға байқаудың бірінші кезеңінде жергілікті актілерді, қызметтік хаттарды орыс тілінен қазақшаға тәржімалауға тапсырма берілді. Екінші кезеңде терминдер аударылды. Үшінші кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталып, оның шартына сай қатысушылар 3-4 сөзден тұратын қазақша сөздерді табуға тырысты. Сайыс нәтижесі «Ана тілім – ардағым» байқауында жарияланды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың сауаттылығына, аударма жасау стиліне, ой ұшқырлығына қарай баға берді. Әрбір кезеңнің нәтижесін шығару 10 балдық жүйе бойынша жүргізілді.  

Нәтижесінде «Үздік тіл маманы» байқауының бас жүлдесін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Бас есептеу орталығы» филиалының 2-деңгейлі жетекші инженер-бағдарламашысы Қаламқас Алпысбаева иеленді. Ал 1-орын «Кеденкөліксервис» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің менеджері Қалкен Қарынтаеваға берілсе, 2-орынды компанияның Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің менеджері Диас Шарафадин мен «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ 1-санатты оқу орталығының маманы Жанар Қуанышева алды, 3-орынды Екібастұз станциясы есеп бөлімінің персонал жөніндегі менеджері Кенжегүл Бақыт, Астана теміржол вокзалының персоналды басқару бөлімінің менеджері Айдана Асылбекова, «Кеденкөліксервис» АҚ корпоративтік даму және қоғаммен байланыс департаментінің 2-деңгейдегі бас менеджері Мейрамгүл Мерғалиева өзара бөлісті. Бұл байқаудың да жүлделі орын алған қатысушылары құнды сыйлықтарға ие болды. Ұйымдастырушылар мұндай байқауларды өткізуді алдағы уақытта дәстүрге айналдыруды көздеп отыр.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті