Ерте зейнетке шықты

Әлеумет
13.12.2024, 09:17
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Астана жол дистанциясының отыздан астам жол монтері жұмыс беруші есебінен жүргізілетін ерте зейнетке шығу құқығын пайдаланды.

Зиянды жағдайда жұмыс істейтін мамандар ҚР Әлеуметтік Кодекстің 2023 жылдың 21 желтоқсанында толықтырылып, осы жылдың 1 қаңтарында күшіне енген – яғни зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларды әлеуметтік қорғау мәселелерін жаңаша реттейтін жаңа 14-1 тарауына сәйкес 55 жастан зейнетақыға шығу мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұл жерде атап өтерлігі, ерте зейнетақыға шыққандарға берілетін жәрдемақы жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Ал 63 жасқа толғаннан кейін мемлекеттік зейнетақы тағайындалады.

– Астана жол дистанциясы бойынша биыл жыл басынан бері 37 адам осы мүмкіндікті пайдаланып, 55 жастан зейнетке шығып отыр. Олар төрт мамандық бойынша, атап айтқанда жол монтері, бригадир, темір ұстасы, компрессор құрылғысының машинисі мамандықтарының иегерлері. Бүгін біз олардың басын қосып, салтанатты түрде зейнетке шығарып салып отырмыз. Жиырма жылдан астам еңбек еткен еңбеккерлерге «Астана жол дистанциясының еңбек ардагері» төсбелгісін табыстап, алғыс хатпен және кәсіподақ ұйымы атынан ақшалай-заттай сыйлықтармен марапаттадық, – деп атап өтті дистанция бастығы Дәурен Қабас.  

Бұл арада ескеретін жайт, зиянды тізім бойынша тек жұмыс өтілі ғана емес, сондай-ақ міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы аудармаларының 87 ай, яғни 7 жыл жүргізілуі есепке алынбақ.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл