Семейде «Өнерлі теміржолшы» байқауы өтті

Әлеумет
23.12.2024, 18:55
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан» деп Ұлы Абай өсиет еткендей, Семей жүк тасымалы бөлімшесінде өнерлі қыз-жігіттер аз емес. Күні кеше олардың басын қосқан тамаша кеш өтті.

Салалық кәсіподақ ұйымының бастамасымен «Өнерлі теміржолшы» атты байқау ұйымдастырылып, жиналған қауымға ән мен жырдан шашу шашылды. Байқауды тамашалауға сала ардагерлері, байтақ желі бойындағы теміржолшылар қауымы мен басшы-қосшы тайлы-таяғы қалмай түгел қатысты.    

Салтанатты шара беташарында сөз алған бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов пен «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов көпшілікті келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, байқауға қатысушы әуесқой өнер иелеріне сәттілік тіледі.  

Ал байқау барысында Жаңа-Семей станциясының техник қызметкері Альмира Базарғазина орындаған «Елім-ай» әні, Семей станциясының қызметкерлері Серік Мукалиев пен Тасқын Тұрғанбаев дуэтінің орындауындағы «Өз елім» сынды отаншылдық рухтағы әндер көпшіліктің қошеметіне ие болды. Сол тәрізді ПЧ-39 мекемесінің өткел кезекшілері, аға буын өкілдері Жұлдыз Есенова мен Райхангүл Байжұманова бірлесіп шырқаған «Гүлдерайым!» атты халық әні кәсіби әншілердің орындауынан кем емес деген баға алды.  

ВЧД-23 вагон операторы Әсел Сахаритова нақышына келтіре орындаған «Атамекен» әнін зал толы көрермен орындарынан тұрып қосыла шырқады.  

– Байқау барысында барлық өнерпаздар тең түсті дей аламын. Бағалау қиынға соқты. Орындалған әндер де таңдаулы болды.  Қазақтың дәстүрлі ән өнерінің құдыретін сезіндік, – дейді қазылар алқасының мүшесі Наталья Мешкова.

Байқау қорытындысында барлық қатысушылар өнері жоғары деңгейде деп бағаланды. Оларға қазылар алқасының төрағалары, бөлімшеде ұзақ жылдар бойы елеулі еңбек етіп, мәдени-қоғамдық саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан Тұрсынғазы Жарылғапов пен Нағима Мойынбаева ақжарма алғыстарын білдіріп, арнайы жүлделерін  салтанатты түрде марапаттады.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті