ҚТЖ-да донор күні өтті

Әлеумет
11.04.2025, 09:14
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл 77 жыл – 7 сәуірде ДДҰ Бүкіләлемдік Денсаулық күнін атап өтеді. Даталы күнге орай Магистральдық желі дирекциясында «Қазкөліккәсіп» ҚБ ұйымдастыруымен флешмоб пен донор күні ұйымдастырылды.

ҚТЖ кәсіподақтары құрылымдық бөлімшелермен бірге бұл күннің маңызы туралы ақпараттар беріп, насихат жұмыстарын жүргізеді. Сол арқылы қызметкерлерді салауатты өмір салтын сақтауға шақырады. ҚТЖ бас ғимаратының фойесінде шағын медициналық пункт ұйымдастырылып, мамандар теміржолшылардың қан қысымын, сатурациясын өлшеді, қан құрамындағы глюкоза, холестерин мөлшерін, жүрек жұмысын анықтады. Бұған қоса теміржолшылардың балалары арасында осы тақырыпқа байланысты сурет байқауы өткізілді.  

Қызметкерлерге денсаулықты күтуге қатысты ДДҰ ұсынымдары айтылды. Бұл ұсынымдарда денсаулықтың басты кепілі – белсенді қимыл-қозғалыс екені жеткізілді. Себебі қимыл-қозғалыстың аздығы обыр, диабет, жүрек дерті сияқты ауруларды асқындырады. Жаһандық өлім-жітімнің ең басты себебі де осы – аз қимылдау. Сондықтан адам күніне кез келген қозғалысты жасап, көбірек жүріп, биге қатысып, спортпен айналысқаны жөн.

– ҚТЖ қашан да салауатты өмір салтын сақтау ұстанымын насихаттайды. Соған бағытталған іс-шаралар өте көп өтеді. Бүгін де міне аздап дене қимылын жасап, қолымызға денсаулық туралы плакат ұстап, әріптестеріміздің назарын осы күнге аударуға тырыстық. Сонымен қатар денсаулыққа пайдасы зор болғандықтан бір кәрзеңке көк алма таратылды. Бүгін донор күні, сондықтан науқастарға керегі болар деп қан тапсырып жатырмыз, – дейді Магистральдық желі дирекциясының қызметкері Дана Бигалимова.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады