Бақыттың кілті – еңбек пен сыйластықта

Әлеумет
16.05.2025, 08:56
Сурет отбасы архивінен
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана аудандары арасында өткен «Ұрпақтар сабақтастығы» байқауында ардагер, Құрметті теміржолшы Кендай Ахметовтің отбасы бірінші орын алды. Бір жылдары теміржолшы әулеті «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы да болған еді.

Еңбек жолы атасынан бастау алған үлкен әулеттен 48 теміржолшы шыққан. Олардың жалпы еңбек өтілі – 1600 жыл. Кейіпкеріміз Кендай Ахметов 72 жыл ғұмырының 48 жылдай уақытын Сарышаған және Астана станцияларындағы ШЧ және ЭЧ мекемелерінде еңбек етуге арнаған. Жұбайы Күлән Ахметованы осы салада жұмыс істеп жүріп кездестіріп, 1975 жылы екі әріптес Сарышағанда бас құрап, төрт баланы дүниеге әкелді. Екеуі балаларын еңбекке баулып, өздерінің адамгершілік қасиеттерін олардың бойларына сіңіріп өсірді, осылайша елге абыройлы, көпке құрметті, ағайынға сыйлы, қоғамда танымал отбасына айналды.  

– Отбасы – шағын мемлекет. Оның өз заңдылықтары, қағидалары болады. Елінің қамын жейтін де, малын жейтін де ұрпақ сол шағын мемлекетте алған тәлім-тәрбиесіне қарай ер жетеді. Отбасын құрған алғашқы жылдары №4 бекет деген жерде 4 жылдай тұрдық. Сонда су түгілі нанды пойызбен әкеп беретін. Қиын кездер еді, ерлі-зайыпты болып бар қиындықты бірге көтердік. Бірақ ешқашан ешкімге шағым айтпадық. Темір жол отбасымызға берілген бір нәсіп еді, басқа салада мүлдем қызмет еткен жоқпын, тіпті ол туралы ой да кірмеді басыма, – дейді әулеттің отағасы.  

Ұл-қыздарынан тараған немере-жиендерінің қызығын көріп отырған ата мен әже бақыттың кілті еңбек пен сыйластықта екенін айтады. Өнегелі әулеттің үйінен қонақ үзілген емес. 2014 жылы «Мерейлі отбасы» байқауына қатысуға елорда әкімдігі тарапынан ұсыныс берілгенде туған-туыс, көрші-қолаңнан Ахметовтер туралы сұрастырылып, сырттай мінездеме жиналған. Сонда олар туралы бірде-бір теріс пікірдің болмауы мәлімет жинаушыларды таңғалдырыпты.  

– Жұбайым Күләнмен отасқаныма 40 жылдан асты. Үйде де, жұмыста да бір болдық. Менің күнделікті өмірімнің 60 пайызы жұмыста өтті, сондықтан көбіне бала тәрбиесіне жұбайым жауапты болды, дегенмен балаларыма қашан да уақыт табуға тырыстым. Әсіресе ұлымды 4 жасынан бастап жұмысқа бірге алып кетіп жүрдім. Оған жұмыстың да, өмірдің де қыр-сырын үйреттім. Қазір балам мен келінім бізге қарайласып, қыдыртып, барлық жағдайымызды жасап отыр. Міне, нағыз қазақы тәрбие деген осы, – дейді Кендай Ахметов.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады