Жыл басынан бері құқық бұзғаны үшін 400-ге жуық адам пойыздан түсірілген

Әлеумет
21.07.2025, 09:38
Сурет: Көліктегі полиция

Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде пойыздан әкімшілік заңнаманы бұзған 388 адамды түсірген, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар пойыздарында құқықбұзушылықтардың жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді.  Басты ұстанымдары – Заң мен Тәртіп.

«Өткізілген рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде пойыздардан еліміздің әкімшілік заңнамасын бұзған 388 адам түсірілді. Олардың басым бөлігін, яғни, 359-ын алкогольдік мас күйінде болған азаматтар құрады. Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық – 13 және басқа да құқықбұзушылықтар тіркелді», - деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Мәселен, «Маңғыстау – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы бастығының актісімен Бейнеу станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қызылорда облысының тұрғынын пойыздан түсірген. Ішімдікке сылқия тойған 31 жастағы ер адам полиция бөлмесіне жеткізу кезінде тәртіп сақшыларының заңды талаптарына қарсылық көрсеткен.  

Тексеру барысында аталған азаматтың осыған ұқсас құқықбұзушылық үшін бір жыл ішінде бұған дейін де жауапкершілікке тартылғандығы анықталды, Бұл жолы құқықбұзушы бірден екі бап, атап айтқанда алкогольдік ішімдіктер ішу және қоғамдық орындарға масаң күйінде келу, сондай-ақ полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбау бойынша жауапқа тартылған. Соттың шешімімен ол 4 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Дәл осы бағыттағы пойызда тағы бір оқиға орын алды: Қызылорда облысының 41 жастағы тұрғыны мас күйінде вагон-мейрамханада ішімдік бермегені үшін сыра бокалымен терезені сындырған. Аталған азамат өз әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл