Елордаға саяхат

Әлеумет
29.07.2025, 08:55
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанадағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас ғимаратында еліміздің Маңғыстау, Тараз, Көкшетау өңірлерінен келген теміржолшы отбасыларының 60 баласы орталық мұражайды, қысқы бақты аралап, панорамалық жеделсатымен көтеріліп, елорданы алақандағыдай көріп, тамашалауға мүмкіндік алды.

Балалардың жазғы каникулда Астанаға төрт күндік экскурсиясын ұйымдастырып отырған «Қазкөліккәсіп» ҚБ мәліметінше, биыл 260 астам бала еліміздің түкпір-түкпірінен елордаға атбасын тіреп, бас шаһардың көрнекті жерлері – «Бәйтерек», «Думан» ойын-сауық орталығы, Ұлттық музей, Орталық саябақ, тағы басқа жерлерді аралап, түрлі тамақ әзірлеудің шеберлік сабақтарына қатысып, аниматорлармен көңілді кештер өткізген. Бұл жолы келген үшінші кезеңнің кішкентай саяхатшыларымен «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев кездесті.  

«Бүгін сендер ата-аналарың жұмыс істейтін теміржол компаниясының бас ғимаратына келіп отырсыңдар. Бұл жер – теміржолды басқару орталығы. Кім білген, келешекте сендер де ата-аналарың сияқты теміржолшы болып, осы жерде жұмыс істеулерің әбден мүмкін. Ол үшін ең бастысы сабақты жақсы оқып, білімді болуға ұмтылу керек. Астанаға қош келдіңдер. Демалыстарың есте қаларлықтай әсерлі, қызықты өтсін. Денсаулық, амандық, сәттілік тілеймін!», – деді төраға.  

Жас жеткіншіктер Теміржолшылар мұражайын аралап, теміржол тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты. Қысқы бақты аралап, суретке түсті. Панорамалық жеделсатымен көтеріліп, Астананы жоғарыдан тамашалады. Саяхат соңында балаларға тәттілер мен естелік сыйлықтар табыс етілді.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты